| ||||||||||||||||||||
|
|
|
"Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясы" жабық акционерлік қоғамы 1. "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясы" жабық акционерлік қоғамы: Ақмола қаласында биiктiгi кемiнде 40 қабат Бизнес-Орталық ғимаратын жобалау мен салу жөніндегі тапсырысшы болсын; Бизнес-Орталық ғимаратының құрылысы аяқталғаннан кейiн олардың аудандарға деген мүдделерiнiң барынша қанағаттандырылатынын есепке ала отырып, отандық және шетел инвесторларын қаржыландыруға кеңiнен тарта отырып Бизнес-Орталықтың үйiн жобалау мен салуды қаржыландырудың көздерiн белгiлесiн; Ақмола қаласында Бизнес-Орталықтың ғимаратын жобалау мен салу жөніндегі мердiгердi қала құрылысы және сәулет саласындағы танымал отандық және шетел заңды тұлғаларын тарта отырып, конкурс негiзiнде бiр ай мерзiм iшiнде белгiлеп, кейiн тиiстi келісім-шарт жасассын. Конкурсты қорытындылаған кезде негiзгi өлшемдер болып мыналар белгiленсiн: жобаның, құрылыстың құны, салу мерзiмдерi және сәулеттiк-жоспарлау шешiмдерi; Бизнес-Орталықтың ғимаратын жобалау мен салу бойынша жеңiмпазды анықтау жөніндегі конкурстық комиссияның құрамына Ақмола қаласы әкімінiң өкiлiн енгiзсiн. 2. Ақмола қаласының әкімі: "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамына тұрақты жер пайдалану құқығына мемлекеттік актiнi бере отырып, он күн мерзiм iшiнде Бизнес-Орталықтың ғимаратын салуға жер учаскесiн бөлсiн; инженерлiк коммуникацияларды салу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруға үлестiк қатысу жөнiнде шаралар қабылдасын; Бизнес-Орталық ғимаратын инженерлiк коммуникациялармен (электр энергиясы, су, канализация, байланыс және басқалары) қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шарттарды берсiн; 3. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Ақмола қаласындағы Бизнес-Орталық ғимаратын қоса қаржыландыру мен салуға қатысатын инвесторлармен келісім-шарттар жасассын. 4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетi Ақмола қаласындағы Бизнес-Орталық ғимаратын қаржыландыру мен салуға қатысатын инвесторлармен заңдарда көзделген жеңiлдiктердi берудi көздейтiн инвестициялық келісім-шарттарды заңдарда белгiленген тәртiппен жасассын. Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |