|
|
|
«Запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi бастапқы әскери лауазымдардың жасақталмауына байланысты, «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. 1998 жылы әскери-есеп немесе азаматтық, тектес тиiстi әскери мамандықтар бойынша әскери қызметiн өткермеген запастағы офицерлер үш жыл мерзiмге әскери қызметке шақырылсын. 2. 1998 жылы запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды жүргiзуге арналған әскери-есеп мамандықтарының қоса берiлiп отырған тiзбесi және осы мамандықтар бойынша шақырылатын азаматтардың саны бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Үкіметінiң 1998 жылғы 3 маусымдағы № 511 Қаулысымен бекітілген
Запастағы офицерлердi 1998 жылы әскери қызметке шақыруға арналған әскери-есеп мамандықтарының және осы мамандықтар бойынша шақырылатын азаматтар санының ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________ Мамандық |Адам саны ___________________________________________________________________ Офицер: | мотоатқыштар әскерi | 60 танк әскерлерi | 20 ракета әскерi мен артиллерия | 30 әуе қорғанысы әскерi | 45 құрлықтағы әскерлердiң әуе қорғанысы | 20 әскери-әуе күштерi | 10 инженерлiк әскер | 20 химиялық әскер | 25 байланыс | 25 бронетанк қызметi | 20 ракета-артиллерия қару-жарағы қызметi | 25 медицина қызметi | 20 заттай-мүлiк қызметi | 10 азық-түлiк қызметi | 10 жанар-жағар май материалдары қызметi | 10 қаржы қызметi | 10 тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстар | бойынша | 100 әскери прокуратураға арналған заңгерлер | 20 Республика Ұланы үшiн | 15 ___________________________________________________________________ Барлығы 495 ___________________________________________________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |