|
|
|
"Қазтеміржолжабдықтау" Қазақ мемлекеттік кәсiпорын "Жолаушылар "Қазтеміржолжабдықтау" Қазақ мемлекеттік кәсiпорын мен "Вагонбау Аммендорф ГМБХ" фирмасы арасындағы темір жол көлiгi үшiн вагондар беру жөнiнде жасалған келісім-шарттарға сәйкес немiс несие берушi банктерi берген несиенi өтеу жөніндегі мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорын герман несие желісі шеңберіндегі "Қазақстан Республикасының темір жол көлiгi үшiн вагондар сатып алу" жобасы бойынша мiндеттемелердi орындау жөніндегі түпкiлiктi заемшы деп белгiлеу туралы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен келісілген ұсынысына келісім берiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкi: "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнымен герман несиесiн өтеу жөніндегі мiндеттемелердi орындау туралы келісім жасассын; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен агенттiк келісім жасассын және несиеге қызмет көрсету жөніндегі агент-банктiң функцияларының орындалуын қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі аталған несиенiң уақтылы өтелуiн бақылауды қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |