| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Мемлекеттік Медетшi банктiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi" республикалық мемлекеттік кәсiпорыны "Медетшi қор" шаруашылық жүргiзу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Медетшi қор" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының уәкiлеттi мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі екi апталық мерзiм iшiнде "Медетшi қор" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жарғысын бекiтсiн, оны мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн және осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгiзсiн. 4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 29 наурыздағы № 359 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 10, 122-құжат); "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкінің жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 16 шiлдедегi № 907 қаулысы. 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министр
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |