|
|
|
Шығындарды өтеу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Атырау облысында 1997 жылдың қысқы және көктемгi кезеңіндегі байқалған табиғи зiлзалалардың алдын алу және оның зардаптарын жою жөніндегі жұмыстардың орындалуына кеткен шығындарды өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі: Атырау облысының республикалық мәнi бар қираған автомобиль жолдарын қалпына келтiруге пайдалануы үшiн 1997 жылы және 1998 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Атырау облысының төлеушiлерiнен түсетiн барлық төлем сомасын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Жол қорының шотынан белгiленген тәртiппен аударуды қамтамасыз етсiн; су басу аймағына душар болған Құлсары-Мақат темір жол учаскелерiне тексеру жүргiзсiн және темір жолдың бүкiл өне бойында қозғалыстың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып, өз қаражаты есебiнен оларды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдансын. ЕСКЕРТУ. Қаулы өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 19.06.98 г. № 120 қаулысымен. Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |