| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың қаражатын мемлекеттiң меншiгiне тауарлар сатып алуға және мемлекетке қажеттi жұмыстар мен қызмет көрсетулердi алуға тиiмдi жұмсау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң номенклатурасы (1-қосымша) мен ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департаментi болатын мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстардың тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алуды жүзеге асыратын тапсырысшыларының тiзбесi (2-қосымша) бекітілсiн. ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.08.31. № 817 қаулысымен. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрамына кiрмейтiн министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департаментiне заңдарда белгiленген тәртiппен конкурстар өткізу үшiн 1998 жылы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң номенклатурасы мен көлемi, оларды жеткізудiң мерзiмдерi және қаржыландыру көздерi туралы қажеттi мәлiметтердi уақтылы ұсынуды қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департаментi 1998 жылы белгiленген номенклатура және олармен келісілген мерзiмде тапсырыс берушiлердiң тiзбесi бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттік сатып алуға конкурс ұйымдастырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 ақпандағы № 140 қаулысына 1-қосымша ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.08.31. № 817 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департаментi мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастырушы болатын республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң номенклатурасы Мұнай өнiмдерi Көмiр Ұйымдастыру техникасы (мектептердi компьютерлендiруге арналған) Мердiгерлiк жұмыстар ("Қазақстан Республикасының тиiстi жылға арналған инвестициялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітілген тiзбеге енген объектiлер бойынша) Азық-түлiк тауарлары (жалпы құны тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналып Қазақстан республикасының заңдарында белгiленген есептi көрсеткiштердiң 10000 кем емес тауарлардың бiртектi түрлерiнiң өнеркәсiптiк өндiрiсi) Заттай мүлiк (жалпы құны тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналып Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген есептi көрсеткiштердiң 10 000 кем емес тауарлардың бiртектi түрлерi) Дәрi-дәрмектер мен медициналық мүлiк (орталықтандырылған тәртiппен сатып алынған) Көлiк құралдары Мемлекеттік материалдық резервке аманатқа тапсырылатын материалдық ресурстар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 ақпандағы № 140 қаулысына 2-қосымша ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.08.31. № 817 қаулысымен. Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департаментi болатын мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстардың тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алуды жүзеге асыратын тапсырысшыларының тiзбесi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі - мұнай өнiмдерi, көмiр, азық-түлiк тауарлары, мүлiктiк заттар, көлiк құралдары. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі - мұнай өнiмдерi, көмiр, азық-түлiк тауарлары, мүлiктiк заттар, көлiк құралдары. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi - мүлiктiк заттар, көлiк құралдары. Республикалық ұлан - мұнай өнiмдерi, азық-түлiк тауарлары, мүлiктiк заттар, көлiк құралдары. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы - мүлiктiк заттар, көлiк құралдары. Қазақстан Республикасының "Барлау" қызметi - мүлiктiк заттар, көлiк құралдары. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi - мүлiктiк заттар, көлiк құралдары. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі - ұйымдастыру техникасы, дәрi-дәрмектер, көлiк құралдары. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң материалдық резервтер жөніндегі комитетi - мемлекеттік материалдық резервтерге саналатын материалдық ресурстар. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетi - мұнай өнiмдерi, көмiр, азық-түлiк тауарлары, мүлiктiк заттар, көлiк құралдары. Мердiгерлiк жұмыстардың тапсырысшылары.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |