| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 ақпандағы № 140 Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алулар процесіндегі қызметiн үйлестiрудiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департаментi ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 ақпандағы № 140 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 7, 40-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) атауындағы "департаментi" деген сөзден кейiн "1998 жылы" деген сөздермен толықтырылсын; 2) қаулы мен қосымшалардың атауындағы, мәтiніндегі "қаржы министрлігінiң" деген сөздер "Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 1-тармақтағы "Тауарлардың" деген сөздiң алдынан "Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынатын" деген сөздермен толықтырылсын; 4) көрсетiлген қаулыға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департаментi мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастырушы болатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң номенклатурасы" деген 1-қосымшада: атауындағы "ұйымдастырушы болатын" деген сөздерден кейiн "республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынатын" деген сөздермен толықтырылсын; 5) көрсетiлген қаулыға "Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департаментi болатын мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алуды жүзеге асыратын тапсырысшыларының тiзбесi" деген 2-қосымшада: "жергiлiктi атқарушы органдар - көмiр, мұнай өнiмдерi, көлiк құралдары" деген сөздер алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |