|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 20 қазандағы № 1356 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы
ҚР Үкіметінiң 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Қару-жарақ» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1771 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнiң «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі» бөлiмiнiң реттiк нөмiрi 21 «Қазәскертехимпэкс» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) деген жолдары алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Қару-жарақ» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)». 2. «Қазвоентехимпэкс» республикалық мемлекеттік кәсiпорынын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 20 қазандағы № 1356 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы; 1995 ж., № 33, 419-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |