|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резерв қорынан қаражат бөлу Жылумен жабдықтау жөніндегі жағдайды тұрақтандыру және шағын және орташа қалаларды 1998-1999 жылдың күзгi-қысқы кезеңiне дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан Степногор жылу электр орталығын жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру және оны 1998-1999 жылдың күзгi-қысқы жағдайларындағы тұрақты жұмыс iстеуге дайындау үшiн Ақмола облысының әкіміне 125500 мың (жүз жиырма бес миллион бес жүз мың) теңге бөлiнсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |