|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағындағы жер учаскесін «Зенит» зымыран-тасығышының бөлінетін бөлшектері түсетін аудан ретінде уақытша пайдалану туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 1997 жылғы 14 қазанда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағындағы жер учаскесін «Зенит» зымыран-тасығышының бөлінетін бөлшектері түсетін аудан ретінде уақытша пайдалану туралы келісім бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қарағанды облысының әкімімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісе отырып, «Зенит» зымыран-тасығышының бөлінетін бөлшектерінің түсуінен заңды және жеке тұлғаларға келтірілген зиянды өтеудің тәртібін айқындасын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |