Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң
төрағасы Б.Ш.Тәжияқовтың өкiлеттiгi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1998 жылғы 19 тамыз № 797
Қазақстан Республикасының Үкіметі салық заңдарының сақталуына бақылау жасау саласында халықаралық келісімдер жасасу мәселелерiн жедел шешу мақсатында және Минск қаласында 1996 жылғы 29 наурыздағы Шартқа қатысушы мемлекеттер салық қызметтерiнiң басшылары кеңесiнiң отырысы өткiзiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң төрағасы Бисенғали Шамғалиұлы Тәжияқовқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы Салық заңдарының сақталуы мәселелерi жөнiнде ынтымақтастық пен өзара көмек көрсету туралы келісімге қол қою өкiлеттiгiн беруге қаулы етедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi