|
|
|
Қазақ дене тәрбиесі институтын Қазақ мемлекеттік спорт және туризм Отандық спорт пен туризм инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша бірыңғай оқу-ғылыми-әдістемелік орталық құру жолымен спорт және туризм саласында мамандарды даярлау мен қайта даярлау жүйесін одан әрі жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақ дене тәрбиесі институты Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі: 1) Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясының құрылымын, мамандықтардың тізбесін және профессорлық-оқытушылық құрамының штат санын айқындасын; 2) қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету 1998 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |