|
|
|
"Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Жоба Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияға қосылуы туралы Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияға қосылсын. Қазақстан Республикасының Президентi 1995 жылғы астық жөніндегі халықаралық келісім Кiрiспе Осы келісімге қол қойған тараптар 1949 жылғы Бидай жөніндегі халықаралық келісімнiң әлденеше рет жүйелi түрде қайта қаралып, қайта басталып немесе ұзартылғандығы 1986 жылғы Бидай жөніндегі Халықаралық келісімдi жасауға алып келгендiгiн назарға ала отырып, бiр жағынан, 1986 жылғы бидай саудасы туралы конвенцияның және екiншi жағынан 1986 жылдың азық-түлiктiк көмек көрсету туралы Конвенциядан тұратын, бұрын ұзартылған 1986 жылғы Астық жөніндегі Халықаралық келісімнiң ережелерiнiң қолданылу мерзiмi 1995 жылдың 30 маусымында аяқталатындығын, сондай-ақ жаңа мерзiмге келісім жасауға тiлектiң бар екендiгiн назарға ала отырып; 1986 жылғы Бидай жөніндегі халықаралық келісімнiң жаңартылуы және дербес екi құқықтық құжаттан: а) 1995 жылғы астық саудасы туралы конвенциядан және, б) 1995 жылғы Азық-түлiк көмегiн көрсету туралы конвенциядан, тұруы тиiс 1995 жылғы Астық жөніндегі халықаралық келісім деп қайта аталуы керек екендiгiне келiстi, көрсетiлген екi Конвенция, не олардың бiреуi қажеттiлiгiне қарай тиiстi Үкiметтердiң олардың конституциялық немесе әкiмшiлiктiк қаулыларына сәйкес қол қоюына және бекітуiне, қабылдануына немесе мақұлдануына ұсынылады. 1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияның мәтiнi 1994 жылы 7 желтоқсанда Бидай жөніндегі халықаралық кеңес шақырған үкiметтердiң Конференциясында бекітілдi. Азық-түлiк көмегiн көрсету жөніндегі комитет 1995 жылғы 13 наурыздағы өзiнiң жетпiсiншi (арнаулы) сессиясында Лондонда Комитет өзiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы 69-сессиясында бекiткен 1995 жылдың азық-түлiк көмегiн көрсету туралы Конвенцияның мәтiнiне өзгерістер енгізу туралы келiстi. Үкiметтердiң 1995 жылдың 6 шiлдесiнде Лондонда өткiзiлген Конференциясы екi конвенцияны да 1995 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енгiздi. 1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияның шеңберіндегі рәсiмдер Қағидаларын Астық жөніндегі халықаралық кеңес өзiнiң 1995 жылғы 6 шiлдедегi Бiрiншi сессиясында бекiттi. 1995 жылғы Азық-түлiк көмегiн көрсету туралы конвенцияның шеңберіндегі рәсiмдер Қағидаларын Азық-түлiк көмегiн көрсету жөніндегі комитет өзiнiң 1995 жылғы 5 желтоқсандағы 72-сессиясында бекiттi. 1995 жылғы астық саудасы туралы конвенция I бөлiм - Жалпы ережелер 1-бап Мақсаты Осы Конвенцияның мақсаты: а) астықпен сауданың барлық салаларында, олар әсiресе азық-түлiктiк астықпен жағдайды қаншалықты қозғайтын болса, соншалықты дәрежеде халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу; b) астықпен халықаралық сауданы кеңейтуге жағдай тудыру және барлық қатысушылардың мүддесiнде, атап айтқанда, дамушы елдердiң арасында сауда кедергiлерi мен арам ниеттiлiк және кемсiтушiлiк практикасын жоюды қоса алғанда, сауданың мейлiнше еркiн дамуын қамтамасыз ету; с) барлық қатысушылардың мүддесiнде астықтың халықаралық рыноктарын тұрақтандыруға мүмкiн мейлiнше толық шараларды жасау, әлемдiк азық-түлiк қауiпсiздiгiн нығайту және экономикасы елеулi дәрежеде астықты коммерциялық сатуға тәуелдi елдердiң дамуына жәрдемдесу; және d) қатысушылардың алаңдаушылығын тудыратын астық пен сауда мәселелерiн талқылау мен ақпарат алмасу үшiн форумды қамтамасыз ету болып табылады. 2-бап Айқындамалар Осы Конвенцияның мақсаты үшiн: а) "Кеңес" 1949 жылдың бидайы жөніндегі Халықаралық келісімге сәйкес құрылған 9-Бапқа сәйкес сақталған Астық жөніндегі халықаралық кеңестi бiлдiредi; b) (I) "қатысушы" осы Конвенцияның тарабын бiлдiредi; (II) "қатысушы - экспорттаушы" 12-бапқа сәйкес айқындалған қатысушыны бiлдiредi; (III) "қатысушы-импорттаушы" 12-бапқа сәйкес айқындалған қатысушыны бiлдiредi; с) "Атқарушы комитет" 15-бапқа сәйкес құрылған Комитеттi бiлдiредi; d) "Нарық конъюнктурасы жөніндегі комитет" 16-бапқа сәйкес құрылған Комитеттi бiлдiредi; е) "Астық" немесе "астықтық" арпа, жүгерi, тары, сұлы, қара бидай, қонақ жүгерi, тритикал және бидай мен олардан алынатын өнiмдердi, сондай-ақ Кеңестiң шешiмi бойынша басқа да астық пен олардан алынатын өнiмдердi бiлдiредi; f) (I) "сатып алу" импорт үшiн астықты сатып алуды немесе осындай түрде контексiне байланысты сатып алынған астықтың мөлшерiн бiлдiредi; (II) "сату" астықты экспорт үшiн сатуды немесе осындай түрде контексiне байланысты сатып алынған астықтың мөлшерiн бiлдiредi; (III) осы Конвенцияның сатуға немесе сатып алуға сiлтеме жасалатын баптарында бұл терминдердiң тек тиiстi Үкiметтердiң арасындағы сату немесе сатып алу туралы мәмiлелерiне ғана емес, жеке меншiк фирмалардың арасындағы сату немесе сатып алу туралы мәмiлелерге де және жеке меншiк фирмамен тиiстi Үкiметтердiң арасындағы сату немесе сатып алу туралы мәмiлелерге де жататындығын ұғыну керек. g) "дауыстардың арнаулы көпшiлiгi" қатысушы және дауыс берушi экспорттаушылардың тым болмағанда үштен екiсiнiң дауысын (12-бапқа сәйкес саналған) және, тым болмағанда қатысушы және дауыс берушi қатысушы-импорттаушылардың бөлек саналынған үштен екiсiнiң дауысын (12-бапқа сәйкес саналған) талап ететiн дауыс беруiн бiлдiредi. (h) "ауыл шаруашылығы жылы" немесе "қаржы жылы" 1 шiлдеден бастап 30 маусымға дейiнгi кезеңдi бiлдiредi; 1) "жұмыс күнi" Кеңестiң штаб-пәтеріндегі жұмыс күнiн бiлдiредi. 2) осы Конвенциядағы "Үкiметке" немесе "Үкiметтерге" немесе "қатысушыға" жасалған кез келген сiлтеменi Еуропалық Қоғамдастыққа (бұдан әрi - ЕҚ деп аталатын) жасалған сiлтеменi қамту ретiнде түсiну керек. Тиiсiнше осы Конвенциядағы Үкiметтiң "қол қою" немесе "бекітілген грамоталарды, қабылдау немесе мақұлдау туралы актiлердi беруге" немесе "қосылу туралы актiге" немесе "уақытша қолдану туралы декларацияға" кез келген сiлтеменi ЕҚ атынан оның құзыреттi органының уақытша қолдану туралы декларация немесе қолдану және ЕҚ әкiмшiлiк қаулысына сәйкес халықаралық келісімдi жасау кезiнде сақтауға өткiзетiн актiнi беруге кiретiн ЕҚ-да қолданымда түсiну керек. Осы Конвенциядағы "Үкiметке" немесе "Үкiметтерге" немесе "қатысушыға" жасалған кез келген сiлтеменi, орынды жерiнде Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнiң немесе Дүниежүзiлiк сауда ұйымы құрған келісімнiң мәнiне сәйкес кез келген дербес кеден аумағына жасалған сiлтеме кiретiндей түрде түсiну керек. 3-бап Ақпарат, есептер және зерттеулер 1-бапта жазылған мақсаттарға қол жеткізуге жәрдем көрсету, Кеңестiң сессияларының барысында мейлiнше кең пiкiр алмасу және қатысушылардың ортақ мүдделерiнде тұрақты негiзде ақпараттың түсуiн қамтамасыз ету мақсатында жүйелi түрдегi шолуларды әзiрлеудi, ақпарат алмасуды және, қажеттiлiгiне қарай мыналарға: а) ресурстарға, сұраныс пен рыноктың конъюнктурасына; b) ұлттық саясаттағы өзгерістерге және олардың әлемдiк рыноктың жай-күйiне ықпал етуiне; с) әсiресе дамушы елдердегi сауданы, тұтынуды, сақтау мен тасымалдауды жетiлдiруге және кеңейтуге қатысты өзгерістерге басым назар аудара отырып, астық мәселелерi жөніндегі арнаулы зерттеулердi дайындауды қамтамасыз ету керек. Осы Баптың 1-тармағында айтылған шолулар мен зерттеулер үшiн ақпарат жинау мен оны берудi жақсарту, қатысушылардың Кеңестiң жұмысына мейлiнше кең тiкелей қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Кеңестiң өзiнiң сессияларының барысында беретiн нұсқауларына толықтыру жасау мақсатында Нарық конъюктурасы жөніндегі комитет құрылады, оның мәжілістерi Кеңестiң барлық қатысушылары үшiн ашық болып табылады. Комитеттiң функциялары 16-бапта айқындалған. 4-бап Рыноктағы жағдай туралы консультация 1) Егер Нарық конъюктурасы жөніндегі комитет өзiнiң тұрақты байқауының барысында 16-бапқа сәйкес рыноктағы жағдайға халықаралық астық рыногындағы өзгерістер қатысушылардың мүдделерiне елеулi қауiп-қатер тудырады деген пiкiрге келсе, немесе, егер Атқарушы директор өзiнiң бастамасы бойынша немесе кез келген қатысушының өтiнiшi бойынша мұндай өзгерістерге Комитеттiң назарын аударса, соңғысы дереу тиiстi фактiлер туралы Атқарушы комитетке хабарлайды, Бұл туралы хабар алған Атқарушы комитет, Комитет қатысушы елдердiң мүдделерiне қауiп-қатер төндiретiн жағдаяттарға назар аударады. 2) Атқарушы комитет мұндай өзгерістердi қарау үшiн он жұмыс күнi iшiнде жиналады және, егер мұны орынды деп санаса, Кеңестiң Төрағасына жағдайды қарау үшiн сессия шақыру туралы өтiнiш жасайды. 5-бап Коммерциялық сатып алулар мен арнаулы мәмiлелер 1) Осы Конвенцияның мақсаттарында оның 2-бапта айқындалғанындай халықаралық саудадағы осы баптың 2) тармағында сөз болатын мәмiлелердi қоспағанда, кәдiмгi коммерциялық практикаға сәйкес келетiн сатып алу - коммерциялық сатып алу болып табылады. 2) Осы Конвенцияның мақсаттарында арнаулы мәмiле деп тиiстi ел Үкіметінiң осындай мәмiле жасауына қатысуына байланысты кәдiмгi коммерциялық практикаға сәйкес келетiн ерекше жағдайлар кiретiн мәмiле танылады. Арнаулы мәмiлелердiң санатына мыналар жатады; а) кредит шарттарындағы сату, онда Үкiметтiң қатысуының нәтижесiнде проценттiк ставка, төлем мерзiмi, басқа да iлеспе шарттар әлемдiк нарықтағы басым коммерциялық ставкаларға, мерзiмдерге немесе шарттарға сәйкес келмейдi; b) қатысушы-экспорттаушы Үкіметінiң астық сатып алу үшiн берген займының есебiнен астыққа төлем жасалынатын сату; с) қатысушы-импорттаушының валютасындағы төлеммен сату, ол, валютаға немесе экспорттаушы елде пайдалануға арналған тауарларға айналдырылмайды; d) тиiстi қатысушы-экспорттаушы мен қатысушы-импорттаушы сатуды коммерциялық деп санау керектiгiне уағдаласатын жағдайларды қоспағанда, тауарлар алмасу жолымен екiтарапты тәртiппен кредиттiк сальдоны реттей отырып клирингтiк есеп айырысулар кiретiн төлемнiң арнаулы шарттары мен сауда келісімдерi бойынша сату; е) баспа-бас мәмiлелер: I) бұлар Үкiметтiң қатысуымен жасалады және онда астық айырбастауға әлемдiк рыноктағы басым бағалардан өзгеше бағалар бойынша берiледi, немесе II) бастапқы баспа-бас шартта түпкi арналған елi көрсетiлмеген баспа-бас мәмiленiң нысанасы болып табылатын астықты сатып алу кезіндегі жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу бағдарламаларының шеңберiнде жасалады; f) астықты сыйға тарту тәртібінде беру немесе астықты қатысушы-экспорттаушының осы нақты мақсат үшiн тегiн берген ақша қаражатының есебiнен сатып алу; g) тиiстi елдiң Үкіметінiң мұндай мәмiлелердi жасауға қатысуына байланысты кәдiмгi коммерциялық практикаға сәйкес келмейтiн ерекше жағдайлар кiретiн Кеңестiң айқындаған кез келген басқа да мәмiлелер санаты. Егер атқарушы директор немесе кез келген қатысушы осы Баптың 1) тармағындағы айқындамаға сәйкес бұл мәмiле коммерциялық сатып алу немесе осы Баптың 2) тармағының айқындауына сәйкес арнаулы мәмiле болып табылатындығы туралы мәселе қойса, кеңес шешiм шығарады. 6-бап Мәмiлелердi жеңiлдiктi жағдайларда жасаудың негiзгi принциптерi 1) Қатысушылар барлық мәмiлелердi өндiрiстiң қалыпты құрылымы мен халықаралық коммерциялық саудаға залал келтiрмейтiндей түрде астық бойынша жеңiлдiктi жағдайларда жүзеге асыруға мiндеттенедi. 2) Осы мақсатта қатысушылар да, сондай-ақ алушылар да жеңiлдiктi жағдайлардағы мәмiлелердiң аталған мәмiлелердiң болмауында нақты түрде күтуге болатын коммерциялық сатуды толықтыруды және алушы елдiң тұтынуы мен запастарын көбейтуге алып келуiн қамтамасыз ету үшiн тиiстi шаралар қабылдайды. Мұндай Азық-түлiк және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) мүшелерi болып табылатын елдер үшiн басы артық өнiмдер жөніндегі мiндеттемелерге қатысты ФАО-ның принциптерi мен ФАО-ға қатысушылардың мiндеттемелерiн негiзгi бағыттары мен консультативтiк мiндеттемелерiне сәйкес келуi тиiс және алушы елмен келісілген астықтың коммерциялық импортының белгiлi бiр көлемiне талапты көздеуi және осы елдiң жалпы негiзiнде сақталуы мүмкiн. Осы көлемдi белгiлеу немесе түзету жасау кезiнде атап айтқанда, төлем балансының жай-күйiн қоса алғанда, белгiлi бiр кезеңдегi коммерциялық импорттың көлемiн, алушы елдiң тұтынуындағы және импорты мен экономикалық жағдайындағы ағымның салдарын толық ескеру қажет. 3) Қатысушылар жеңiлдiктi жағдайлардағы экспорттық мәмiлелердi жүргiзу кезiнде коммерциялық экспорты мұндай мәмiлелерге әсер етуi мүмкiн қатысушы-экспорттаушылармен барынша мүмкiн дәрежеде мұндай мәмiлелер жүзеге асырылғанға дейiн ақылдасып-кеңесуге тиiс. 4) Хатшылық Кеңеске жеңiлдiктi жағдайларда жасалған мәмiлелер бойынша сауданың барысы туралы мерзiм сайын баяндайды. 7-бап Мәмiлелердi тiркеу және жинау 1) Қатысушылар жүйелi түрде мәлiметтердi берiп отырады, ал Кеңес әрбiр ауыл шаруашылығы жылындағы деректердi, қатысушыларға барлық жөнелтiлген астықты және коммерциялық сатып алулар мен арнаулы мәмiлелер бойынша қатыспайтын елдер үшiн астықтың бүкiл импортын бөлек көрсете отырып тiркеу жүргiзедi. Кеңес сондай-ақ мүмкiндiгiне қарай қатыспайтын елдердiң арасындағы барлық берулерге тiркеу жүргiзедi. 2) Қатысушылар мүмкiндiгiне қарай астыққа ұсыныс пен сұранысқа қатысты Кеңес талап ете алатын ақпаратты берiп отырады, және өздерiнiң ұлттық астық саясатындағы барлық өзгерістердi дереу уақытында хабарлайды. 3) Осы баптың мақсаты үшiн: а) қатысушылар Атқарушы директорға коммерциялық сатулар мен сатып алулардың, сондай-ақ арнаулы мәмiлелердiң объектiсi болып табылатын Кеңеске: I) арнаулы мәмiлелерге қатысты - 5-бапқа сәйкес олардың жiктемесi үшiн пайдалануға болатын мәмiлелердiң егжей-тегжейiн; II) тиiстi астықтың үлгiсiне, сыныбына, сорты мен сапасына қатысты мәлiметтердi қоса алғанда, оның құзыретiнiң шектерiнде талап етiлуi мүмкiн мәлiметтердi жолдайды; b) әрбiр қатысушы астықтың экспорты кезiнде Атқарушы директорға Кеңес талап етуi мүмкiн экспорттық бағаларға қатысты деректердi жолдайды; с) Кеңес жүйелi негiзде осы уақыттағы астықты тасымалдау жөніндегі басым шығыстарға қатысты мәлiметтердi алады, және қатысушылар Кеңес талап етуi мүмкiн қосымша мәлiметтердi хабарлайды. 3) Егер астық оның шыққан жерi болып табылмайтын елдiң порттарындағы қайта сату, тасымалдау немесе қайта тиеуден кейiн түпкi арналған елге келiп түссе, қатысушылар мүмкiн мейлiнше толық тұрғыда шығу елi мен түпкi арналған елiнiң арасындағы жөнелту ретiнде жөнелтудi тiркеуге мүмкiндiк беретiн ақпаратты бередi. Қайта сату жағдайында бұл тармақтың ережелерi астық шығуы елiнен дәл осы ауыл шаруашылығы жылында жөнелтiлген жағдайларда қолданылады. 4) Кеңес осы Бапта сөз болатын мәлiметтердi жинау мен тiркеу жүргiзу рәсiмдерiнiң қағидаларын әзiрлейдi. Бұл қағидаларда мұндай мәлiметтердi берудiң мерзiмдерi мен тәртібі, сондай-ақ оларды беруге қатысты қатысушылардың мiндеттерi көзделiнуi тиiс. Кеңес сондай-ақ осыған байланысты туындайтын кез келген дауды шешудiң тәртібін қоса алғанда, өзiнiң қарауындағы кез келген жазбаға немесе мәлiметтерге өзгерістер енгізудiң тәртібін көздейдi. Егер әлдебiр қатысушы осы Бапта көзделiнген мәлiметтердi бiрнеше рет және ешқандай негiзсiз бермейтiн болса, Атқарушы комитет туындаған жағдайды түзеу үшiн осы қатысушымен консультациялар жүргiзедi. 8-бап Даулар мен шағымдар 1) Осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты келiссөздер жүргiзу жолымен реттелмеген барлық дау, және кез келген қатысушының өтiнiш етуi бойынша тараптардың бiрiнiң дауы болып табылатын дау Кеңестiң шешуiне берiледi. 2) Кез келген қатысушы осы Конвенцияның тарабы ретiнде өзiнiң мүдделерiне бiр немесе бiрнеше қатысушының iс-әрекетiмен елеулi зиян келдi және бұл Конвенцияның жұмыс iстеуiн бұзды деп санаса, мәселенi Кеңестiң қарауына бере алады. Кеңес мұндай жағдайда мәселенi шешу үшiн дереу тиiстi қатысушылармен ақылдасып-кеңеседi, егер мұндай ақылдасып-кеңесулердiң нәтижесiнде мәселе шешусiз қалса, Кеңес мәселенi қайта қарайды және тиiстi қатысушыларға ұсыным енгiзе алады. II Бөлiм - Әкiмшiлiк қаулылар 9-бап Кеңестiң құрамы 1) Кеңес (1949 жылдың бидайы жөніндегі Халықаралық келісімнiң негiзiнде құрылған бұрынғы Бидай жөніндегі халықаралық кеңес, қазiр Астық жөніндегі халықаралық кеңес деп қайта аталған) осы Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында iс-қимыл жасауды жалғастырады; бұл ретте оның құрамы, өкiлеттiктерi мен мiндеттерi осы Конвенциямен айқындалады. 2) Қатысушылар Кеңестiң мәжілістерiнде өкiлдер, орынбасарлар мен кеңесшiлер ретiнде қатысуы мүмкiн. 3) Кеңес Төраға мен Төрағаның Орынбасарын бiр ауыл шаруашылығы жылы мерзiмiне сайлайды. Төрағаның дауыс беру құқығы жоқ, және Төрағаның мiндетiн атқаруы кезiнде Төрағаның Орынбасарының да дауыс беру құқығы жоқ. 10-бап Кеңестiң өкiлеттiктерi мен мiндеттерi 1) Кеңес өзiнiң рәсiмдер Қағидаларын белгiлейдi. 2) Кеңес осы Конвенцияның шарттары бойынша қажеттi құжаттаманы, сондай-ақ өзi қажет деп есептейтiн кез келген басқа құжаттаманы жүргiзедi. 3) Кеңестiң осы Конвенция бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындауына жәрдемдесу мақсатында Кеңес жәрдем сұрай алады. Ал қатысушылар 7-баптың 2)-тармағына сәйкес оған осы мақсаттар үшiн қажеттi статистикалық деректер мен ақпаратты беруi тиiс. 4) Кеңес арнаулы көпшiлiк дауыспен өзiнiң комитеттерiнiң кез келгенiне немесе Атқарушы директорға: а) 8-бапта көрсетiлген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауды; b) 11-бапқа сәйкес Қосымшада санамаланып көрсетiлген қатысушылардың дауыстарын қайта қарауды; с) 12-бапқа сәйкес қатысушы экспорттаушылар мен импорттаушыларды айқындауды және олардың арасында дауыстарды бөлудi; d) 13-баптың 1)-тармағына сәйкес Кеңестiң тұратын орнын; е) 17-баптың 2)-тармағына сәйкес Атқарушы директорды тағайындауды; f) 21-бапқа сәйкес қатысушылардың бюджетi мен жарналарының есебiн бекітудi; g) 21-баптың 6)-тармағына сәйкес қатысушыларды дауыс беру құқығынан уақытша айыруды; h) ЮНКТАД Бас хатшысына 22-бапқа сәйкес келiссөздер жүргiзу үшiн Конференция шақыруға кез келген өтiнiш жасауды; i) 30-бапқа сәйкес қатысушыны Кеңестен шығаруды; i) 32-бапқа сәйкес түзетулер енгізу туралы ұсыныс жасауды; к) 33-бапқа сәйкес осы Конвенцияның қолданылу мерзiмiн ұзартуды және тоқтатуды қоспағанда, өкiлеттiктерiн немесе мiндеттерiн бере алады. Кеңес кез келген уақытта берiлген көпшiлiк дауыспен берiлген өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн керi қайтып ала алады. 5) Кеңестiң осы Баптың 1)-тармағына сәйкес берген өкiлеттiктерiнiң немесе мiндеттерiнiң негiзiнде қабылданған кез келген шешiм кез келген қатысушының өтiнiш етуi бойынша Кеңестiң белгiлеген мерзiмдерiнде қайта қаралуға жатады. Кеңес белгiлеген мерзiмде қайта қарау туралы өтiнiш келiп түспеген кез келген шешiм барлық қатысушылар үшiн мiндеттi болып табылады. 6) Осы Конвенцияда айқындалған өкiлеттiктер мен мiндеттерге қосымша Кеңестiң, сондай-ақ басқа да өкiлеттiктерi және осы Конвенцияның шарттарын орындау үшiн қажет басқа да мiндеттерi болады. 11-бап Конвенцияның күшiне енуi және бюджет мәселелерi мақсаттарындағы дауыстардың бөлiнуi 1) Осы Конвенцияның күшiне енуi мақсаты үшiн 28-Баптың 1)-тармағына сәйкес есептер Қосымшаның А бөлiгiнде келтiрiлген дауыстардың санына негiзделетiн болады. 2) 21-бапқа сәйкес қаржы жарналарының есебi мақсатында қатысушылардың дауысы осы Баптың ережелерiн ескере отырып Қосымшада көрсетiлген және осымен рәсiмдер Қағидасына байланысты дауыстар базасында есептелiнуi тиiс. 3) 33-баптың 2)-тармағына сәйкес осы Конвенцияны ұзарту кезiнде кез келген ретте Кеңес осы Бапқа сәйкес қатысушылардың даусын қайта қарайды және түзетедi, осындай түзетулердiң нәтижесiнде, дауыстардың бөлінуі астықпен сауданы ағымдағы құрылымына мейлiнше жақын сәйкес келедi және рәсiм Қағидаларында белгiленген әдiстермен үйлесiм табады. 4) Егер Кеңес әлемдiк астықпен сауданың құрылымында елеулi өзгерістер болды деп шешсе, ол қатысушылардың дауыстарын қарайды, және оны түзете алады. Мұндай түзетулер дауыстарды түзету туралы шешiмнiң қаржы жылының басында ғана күшiне енетiндiгiн қоспағанда, 32-баптың ережелерiн сақтау шартында осы Конвенцияға түзетулер ретiнде қаралады. 3)-тармаққа сәйкес қатысушылардың дауыстарына кез келген жүргiзiлген түзетуден соң оны үш жыл өткенше одан әрi жүргiзуге жол берiлмейдi. 5) Дауыстарды барлық қайта бөлу рәсiмдерiн қағидаларына сәйкес осы Бапқа орай жүзеге асырылады. 6) 28-баптың 1)-тармағына сәйкес оның күшiне енуi мен 21-Бапқа сәйкес ақша жарналарын белгiлеудi қоспағанда, осы Конвенцияны орындауға қатысты барлық мақсаттар үшiн қатысушылардың дауысы 12-бапқа сәйкес бөлiнедi. 12-бап Қатысушы-экспорттаушылар мен қатысушы-импорттаушыларды айқындау және дауыстардың олардың арасында бөлiнуi 1) Осы Конвенцияның шеңберiнде шақырылған бiрiншi сессиясында Кеңес осы Конвенцияның мақсатында қатысушылардың қайсысы қатысушы-экспорттаушы және қатысушылардың қайсысы қатысушы-импорттаушы болатындығын белгiлейдi. Бұл ретте Кеңес осы қатысушылардың астықпен саудадағы құрылымын және олардың осы мәселе бойынша көзқарасын ескеретiн болады. 2) Кеңес осы Конвенцияның қатысушыларының қайсысы қатысушы-экспорттаушы және қайсысы-қатысушы импорттаушы болатындығын айқындаған соң, қатысушы-экспорттаушылар 11-бапқа сәйкес өздерiнiң дауыстарын беру үшiн негiзге ала отырып, осы Баптың 3)-тармағында жазылған шарттарға сәйкес уағдаластық бойынша өздерiнiң арасында дауыстарын бөледi, және қатысушы-импорттаушылар да дауыстарын осы секiлдi бөледi. 3) Осы баптың 2)-тармағына сәйкес дауыстарды бөлу мақсатында қатысушы-экспорттаушылардың бiрлескен 1000 дауысы болады және қатысушы- импорттаушылардың да 1000 дауысы болады. Бiрде-бiр қатысушының қатысушы- экспорттаушы ретiнде 333-тен артық дауысы болмайды, немесе қатысушы- импорттаушы ретiнде 333-тен артық дауысы болмайды. Жекелеген дауыстар болмауы тиiс. 4) Қатысушы-экспорттаушылар мен импорттаушылардың тiзiмiн Кеңес осы Конвенция күшiне енген соң үш жыл өтуi бойынша олардың астықпен сауда құрылымдағы өзгерістер тұрғысында қайта қарайды, олар сондай-ақ 33-баптың 2)-тармағына сәйкес осы Конвенцияның қолданылу мерзiмiн ұзартуы кезiнде әрбiр ретте қайта қаралады. 5) Кеңес кез келген қатысушының өтiнiшi бойынша кез келген қаржы жылының басында арнаулы көпшiлiк дауыспен осы қатысушыны қатысушы-экспорттаушылардың тiзiмiнен қатысушы-импорттаушылардың тiзiмiне немесе, тиiсiнше қатысушы-импорттаушылардың тiзiмiнен қатысушы-экспорттаушылардың тiзiмiне көшiре алады. 6) Қатысушы-экспорттаушылар мен импорттаушылардың дауыстарының бөлiнуiн Кеңес осы баптың 4) немесе 5)-тармақтарына сәйкес қатысушы- экспорттаушылар мен импорттаушылардың тiзiмдерi өзгерген кезде әр ретте қайта қарайды. Дауыстарды осы тармаққа сәйкес кез келген қайта бөлу осы Баптың 3)-тармағында жазылған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 7) Қандай да болмасын Үкiмет осы баптың тарабы болған немесе тарабынан шыққан кез келген ретте Кеңес қалған қатысушы-экспорттаушылардың немесе импорттаушылардың дауысын осы Баптың 3)-тармағында жазылған шарттарға сәйкес әрбiр қатысушы ие дауыстардың санына сайма-сай бөледi. 8) Кез келген қатысушы-экспорттаушы кез келген басқа қатысушы- экспорттаушыға және кез келген қатысушы-импорттаушы кез келген басқа қатысушы-импорттаушыға Кеңестiң бiр немесе бiрнеше мәжілістерiнде өзiнiң мүдделерiн бiлдiруге және өзiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асыруға уәкiлеттiк бере алады. Өкiлеттiктердi рәсiмделген беру тиiстi түрде Кеңеске ұсынылуы тиiс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |