Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Қазақстан Республикасы тұрғындарының жекелеген санаттағылары мен тұлғаларын медициналық көмекпен қамтамасыз етудегi жеңiлдiктер туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 297 бұйрығымен күші жойылды
КСРО Денсаулық сақтау министрлігінiң халықтың жекелеген санаттағылары мен тұлғаларын медициналық қызмет көрсету жөніндегі бұрын қолданылып келген жеңiлдiктер республика үшiн маңызын қазiр де жоймаған, нормативтi актілеріне сәйкес бұйырамын: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң 1993 ж. 01.25 № 29 «Қазақстан Республикасының жеке санаттағылары мен кейбір тұрғындарын медициналық жеңiлдiктермен қамтамасыз ету туралы» бұйрығына мынандай қосымшалар енгiзiлсiн: 1. «Амбулаториялық емдеу кезiнде дәрiгердiң рецептiсi бойынша дәрi-дәрмек тегiн берiлетiн аурулар түрi мен тұрғындар тобының тiзiмi» деген бөлiмiнiң 1 пунктiне мына сөз қосылсын. Көп балалы отбасының 14 жасқа дейiнгi балаларына, ал бала саны төрт және одан көп болса 18 жасқа дейiн. 2. «Амбулаториялық емделу кезiнде медициналық бұйымдармен тегiн қамтамасыз ету» делiнген III пунктке мына сөз қосылсын: - I және II топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер (нәжiс, зәр қабылдайтын); - Ұлы Отан соғысы мүгедектерi және оларға теңелетiндерге (эластикалық бинт, шұлық, ауыртпайтын ЭТПС-100-1 және ЭТНС-11-2 маркалы стимуляторлар); - дәрi-дәрмектердi 50% жеңiлдiкпен алатын зейнеткерлерге нәжiс, зәр қабылдауышты сондай жеңiлдiкпен алады. - қант диабетiмен ауыратындар (айына 100 гр. этил спиртiн, 1,0 және 2,0 «Новопен», «Пливапен» шприцтерi мен инелерi); 3. «Амбулаториялық емделу кезiнде дәрiгердiң рецептiсi бойынша жеңiлдетiлген жағдайда дәрi-дәрмек алатын тұрғындар тобының тiзiмi» деген I тармаққа мынандай сөз қосылсын: - Арал маңы экологиялық кризис салдарынан (1993 ж. 1 шiлдеден) зардап шегушiлер - дәрi-дәрмек құнының 80% төлейдi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|