|
|
|
"ҚазТрансОйл" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасының мұнай құбыры жүйесінің жұмысын тұрақтандыру мақсатында және жаңа тармақтың құрылысын салу мен Сайөтес-Бозащы су ағарындағы аварияны жою жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. "ҚазТрансОйл" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) арналық труба құбыры объектілерін қайта жаңартуға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған 1998 жылдың бірінші шілдесіне дейін кезеңдегі мұнайды экспортқа тасымалдауға арналған ауыспалы құрамды тарифті қолданудан қалған қаражаттың қалдығын күрделі салымдардың мұқтажы, оның ішінде Сайөтес-Бозащы су ағарындағы аварияны жою үшін Қоғамның билігінде қалдыру туралы ұсынысына келісім берілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |