| ||||||||||||||||||||
|
|
|
М.О. Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтын А. Иассауи Республикада жоғары оқу орындарының желісін жетiлдiру университеттердiң мамандар даярлаудағы рөлiн арттыру, жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық және кадр базасын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлігінiң М. О. Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтын А. Иассауи атындағы Түркiстан мемлекеттік университетiнiң құрамына енгiзiп, оның заңдық әрi қаржылық дербестiгiн сақтау және бұдан былай А. Иассауи атындағы Түркiстан мемлекеттік университетiнiң М. О. Әуезов атындағы педагогика институты деп атау туралы Оңтүстiк Қазақстан облысының әкімімен келісілген ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі Шымкент педагогика институтының мәртебесi өзгеруiне байланысты барлық мәселелердi шешетiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |