| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Маңғыстау мұнай өңдеу зауытын жобалау мен салу жөнiнде өткiзiлген Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Орынбасарының 1992 жылғы 15 мамырдағы № 3-3 өкіміне сәйкес Маңғыстау мұнай өңдеу зауытын жобалау мен салу жөнiнде өткiзiлген халықаралық конкурстың қорытындылары бойынша: 1. Құрамына "Мицуи", "Мицубиси", "Тойо Инжиниринг" компаниялары кiретiн консорциум Маңғыстау мұнай өңдеу зауытын жобалау мен салу жөніндегі халықаралық конкурстың жеңiмпазы деп танылсын. 2. "Мицуи" және "Мицубиси" компаниялары аталған зауытты жобалау, салу және пайдалануға беру жөніндегі бiрлескен кәсiпорында шетелдiк әрiптестер ретiнде бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі: конкурс жеңiмпазын таныстыруды Ақтау қаласында өткiзсiн; жеңiмпаз консорциуммен одан әрi жұмыс жөнiнде өкiлдiктер табыстайтын Қазақстан тарапынан ұйымдарды белгiлесiн; бiрлескен кәсiпорынның құрылуына және Маңғыстау мұнай өңдеу зауытын жобалау мен салу жөніндегі жұмыстың барысына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. Премьер-министр
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |