|
|
|
Басқарушы компаниялардың қызметін тексеру туралы
«Қазақстан Республикасының 1999 жылға арналған республикалық бюджеті туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін және бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Басқарушы компаниялардың қызметіне тексеру жүргізу үшін қоса беріліп отырған комиссия құрамы бекітілсін. 2. Комиссия басқарушы компаниялардың акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару жөніндегі келісім-шарттар (шарттар) және концессия шарттары бойынша міндеттемелерін орындауына қоса беріліп отырған кестеге сәйкес тексеру жүргізсін және тексеру аяқталғаннан кейін 3 күннің ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар берсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі О.Ә. Жандосовқа жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 350 бекітілген
Басқарушы компаниялардың қызметіне тексеру жүргізуге арналған комиссияның Құрамы
Ғалиаусат - Қазақстан Республикасы Қайырбекұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының Кешубаев орынбасары, төраға
Комиссия мүшелері:
Дәнияр Рүстемұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы Әбілғазин вице-министрі - Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті директорының міндетін атқарушы Мерей Құрманұлы - Қазақстан Республикасының Әділет Уәйісов вице-министрі Сәуле Мұсақызы - Қазақстан Республикасының Энергетика, Жолдыбаева индустрия және сауда вице-министрі Анатолий Васильевич - Қазақстан Республикасы Бас Константинов Прокурорының орынбасары (келісім бойынша) Серік Шолпанқұлұлы - Қазақстан Республикасының Құрманғалиев Монополияға қарсы саясат және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Айтмұхамбетұлы кіріс вице-министрі Нұрпейісов Үкіметінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 350 қосымша
Басқарушы компаниялардың келісім-шарттар (шарттар) бойынша міндеттемелерін орындауына тексеру жүргізудің Кестесі
__________________________________________________________________________ |Рет|Сенімді басқаруға | Басқарушы | Тексеру |N |(концессияға) берілген | компаниялардың | жүргізілетін күн | |шаруашылық жүргізуші | атауы | | |субъектілердің атауы | | |___|____________________________|______________________|__________________ |1 |Павлодар мұнай өңдеу зауыты |"CCL OIL" |1999 жылдың | | |компаниясы (АҚШ) |5 сәуірінен бастап |___|____________________________|______________________|__________________ |2 |"Заңғар" сауда үйі" АҚ |"Butya" ЖШС |1999 жылдың | | |(Қазақстан) |12 сәуірінен | | | |бастап |___|____________________________|______________________|__________________ |3 |"Қазақгаз", "Алаугаз", |"Акцепт-Клиринг" |1999 жылдың | |"Батыстрансгаз" АҚ |ЖАҚ (Қазақстан) |10 сәуірінен | | | |бастап |___|____________________________|______________________|__________________ |4 |"Шүлбі ГЭС-і" АҚ, |"АЭС" компаниясы |1999 жылдың | |"Өскемен ГЭС-і" АҚ |(АҚШ) |3 мамырынан бастап |___|____________________________|______________________|__________________ |5 |"Химфарм" АҚ |"Доннадел ЛТД" |1999 жылдың | | |компаниясы (Ирландия) |17 мамырынан | | | |бастап |___|____________________________|______________________|__________________ |6 |"Ақбақай КБК" АҚ, |"Алтыналмас" ҰАК |1999 жылдың | |"Васильков КБК" АҚ |(Қазақстан) |24 мамырынан | | | |бастап |___|____________________________|______________________|__________________ |7 |"Қазақмыс корпорациясы" |"Самсунг Дойчланд |1999 жылдың | |АҚ ("Жезқазғантүстімет" |ГмбХ" |7 маусымынан | | | |бастап | |АҚ-ын басқару жөніндегі |корпорациясы | | |келісім-шарт бойынша) |(Германия) | |___|____________________________|______________________|__________________ |8 |Ішкі және халықаралық газ |"Трактебель С.А." |1999 жылдың | |тасымалдау жүйелері және |компаниясы |21 маусымынан | |шаруашылық қызмет |(Бельгия) |бастап |___|____________________________|______________________|__________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |