|
|
|
Ұлттық валютаның айырбас бағамының саясаты туралы
Қазақстан экономикасының бәсеке қабілетін қалпына келтіру, елдің сыртқы сауда тепе-теңдігін жақсарту, оның алтын валюта резервін ұлғайту және экономикалық өсуді қайта бастауға алғышарттар жасау мақсатында, сондай-ақ Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің ұсынымдарына сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылдың 5 сәуірінен бастап ұлттық валюта - теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының режиміне көшуі туралы шешімі мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын түпкілікті іс-шараларды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |