«Қазақстан» Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы туралы Ереженi бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 265 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы «Қазақстан Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы туралы осыған қосылған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 4 мамырдағы № 357 қаулысымен Бекiтiлген
«Қазақстан» Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы туралы ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы «Қазақстан» Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы /бұдан әрi «Қазақстан» Мемлекеттік телерадио компаниясы/ Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан» Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясын құру туралы» 1992 жылғы қыркүйектiң 18-індегі № 920 Жарлығына сәйкес құрылды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруының орталық органы құқында жұмыс iстейдi. «Қазақстан» Мемлекеттік телерадиокомпаниясы республикалық теледидардың, республикалық радионың, «Қазақтелефильм» студиясының, облыстық және қалалық телерадиокомпанияларының шығармашылық-өндiрiстiк құрылымдарын бiрiктiредi. 2. «Қазақстан» Мемлекеттік телерадиокомпаниясы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және шетелдерде қажеттi шаруашылық-қаржы операцияларын жүргiзетiн, банк мекемелерiнде өзiнiң есеп айырысу, бюджеттік және валюталық есепшоты бар, сыртқы экономикалық қызметтi заңмен белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асыра алатын дербес баланстағы заңды ұйым болып саналады. 3. «Қазақстан» Мемлекеттік телерадиокомпаниясы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Министрлер Кабинетінің шешiмдерiн, осы Ереженi және өз қызметiнiң саласына қатысы бар басқа да нормативтiк актiлердi басшылыққа алып отырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|