| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасының стандарттау, сертификаттау және өлшем ҚР Үкіметінің 2005.23.11. № 1156 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 18 қаңтардағы "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы" № 1887-XII және "Өлшем бiрлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы" № 1895-XII қаулыларын орындай отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың мемлекеттік жүйесiн дамыту бағдарламасы (№ 1 қосымша); Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың мемлекеттік жүйесiн дамыту бағдарламасы (№ 2 қосымша); Қазақстан Республикасындағы өлшем бiрлiгiнiң мемлекеттік жүйесiн дамыту бағдарламасы (№ 3 қосымша) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жыл сайын республика мемлекеттік бюджетiнiң жобасында аталған бағдарламаларды жүзеге асыруды қаржыландыруды қарастыратын болсын. 3. Бағдарламалардың мiндеттерiн орындауға қатысатын министрлiктер, ведомстволар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөніндегі бас басқармасына жыл қорытындысы бойынша олардың орындалуы туралы есеп жiберiп отырсын. 4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөніндегі Бас басқармасы бағдарламалар бойынша жұмыстарды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн және жыл сайын 1 тоқсанда олардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне берiп тұрсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 маусымдағы № 494 қаулысына № 1 қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесiн дамыту Бағдарламасы (Кесте)
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 маусымдағы № 494 қаулысына № 2 қосымша
Қазақстан Республикасында мемлекеттік сертификаттау жүйесiн дамыту Бағдарламасы (Кесте)
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 маусымдағы № 494 қаулысына № 3 қосымша
Қазақстан Республикасында өлшем бiрлiгiнiң мемлекеттік жүйесiн дамыту Бағдарламасы (Кесте)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |