|
|
|
Қазақстан Республикасында көлiк басқаруды жетiлдiру туралы ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Республика тұрғындары мен халық шаруашылығының iшкi және халықаралық қатынастардағы тасымалдауға деген қажетiн қамтамасыз ететiн көлiктi мемлекеттік басқарудың салалық жүйесiн қалыптастыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі бiрыңғай көлiк саясатын жүргiзу, саладағы жұмыс жағдайы үшiн жауапты болу, қазiргi заңдарға сәйкес темір жол, авиация, автомобиль,теңiз және өзен көлiктерi кәсiпорындары мен ұйымдарының қызметiн бақылау және ұйымдастыру функцияларын атқару, сондай-ақ көлiк қызметiнiң нарығын құруға, мемлекеттiң және тұтынушылардың мүдделерiн қорғауға бағытталған заңдардың, қаулылардың және басқа нормативтiк актiлердiң жобаларын әзiрлеу жүктелсiн. 2. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлігінiң орталық аппаратының құрамында Автомобиль көлiгiнiң департаментi мен темір жол көлiгiнiң департаментi болып аталсын, орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерi нығайтылып, оның шектi саны 50 адамға көбейтiлсiн. Қосымша түрде министрдiң бiр орынбасарының лауазымы енгiзiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі үш ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі туралы жаңа Ереженi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бекiтуiне ұсынсын, автомобиль көлiгiнiң департаментi мен су көлiгiнiң департаментi туралы ережелердi бекiтетiн болсын. 4. Темір жолдардың, Қазақ азаматтық авиация басқармасының бiрiншi басшыларын Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігінiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды, темір жол бөлiмшелерiнiң, темір жол көлiгi мен азаматтық авиация зауыттарының, көлiктiң дербес жобалау және оқу институттарының, нөмiрлi автоколонналардың, құрамында нөмiрлi автоколонналар бар автокөлiк кәсiпорындарының бiрiншi басшыларын Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі тағайындайды, ал олардың орынбасарларын - Қазақстан Республикасы Көлiк министрлігінiң келісімiмен аталған басшылар тағайындайды деп белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі, Өнеркәсiп министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi, «Қазавтокөлiк» концернi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, бiр ай iшiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қазавтокөлiк» Қазақ мемлекеттік автокөлiк концернi мен республиканың автомобиль жасау және автомобиль жөндеу өнеркәсiбiн ұйымдастыру туралы қаулысының жобасын ұсынсын. 6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасы темір жол транспортының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар туралы» 1992 жылғы 20 ақпандағы № 129 қаулысының 7-тармағындағы «Алматы темір жол басқармасы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасының транспорт кешенiн басқаруды жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 1992 жылғы 3 ақпандағы № 90 қаулысының 5-тармағындағы бiрiншi абзацтың күшi жойылды деп саналсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |