|
|
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлігінiң Кен-металлургия ҚР Үкіметінің 2005.23.11. № 1156 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Кен-металлургия кешенiн мемлекеттік реттеудi жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы № 1287 Жарлығының 2-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлігінiң Кен-металлургия кешенi жөніндегі Департаментi (басқармасы) (бұдан былай - Департамент) туралы осыған қосылған Ереже бекітілсiн. ҚР Министрлер Кабинетінің 1995.07.11.№ 948 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлігі орталық аппараты қызметкерлерi саны 25 адамға және қызметтiк автомобильдерiнiң лимитi жаңадан құрылған Департаментке арналып бiр данаға арттырылсын. Департамент аппаратын ұстау шығындарын қаржыландыру мемлекеттік басқару органдарын ұстауға арналып республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылсын. Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының басшылары, жетекшi қызметкерлерi және мамандары үшiн көзделген еңбекақы жағдайы департаменттiң қызметкерлерiне таратылсын. 3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі бiр ай мерзiмде Департаменттiң құрылымы мен штат кестесiн әзiрлеп, бекiтсiн. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi, Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлігі Департаментiнiң аппаратын орналастыру үшiн қызметтiк үй-жай бөлу туралы мәселенi шешетiн болсын. 5. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі, республикалық "Қазконтракт" контракт корпорациясы 1993 жылы Департаментке телефон және телекс байланысы арналарын, ұйымдық техника, бiр жеңiл автомобиль және өтiнiмге сәйкес басқа да қажеттi жабдықтар мен материалдар бөлсiн. 6. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, облыс және Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлігінiң Кен-металлургия жөніндегі Департаментiнiң жұмысына жәрдемдесiп отыратын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 тамыздағы № 716 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлігінiң Кен-металлургия кешенi жөніндегі Департаментi (басқармасы) туралы Ереже
1. Кен-металлургия кешенi жөніндегі Департамент (басқарма) Қазақстан Республикасының кен-металлургия кешенiнiң шикiзат базасын дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүргiзетiн, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі құрамындағы орталық атқарушы өкiмет органы болып табылады. 2. Департамент өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заң актілерін, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешiмдерiн, сондай-ақ ведомстволық нормативтi актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi: республиканың мұқтаждары үшiн металл және одан жасалған өнiмдер жөніндегі қажеттiлiкке талдау жасау және оларды өндiру деңгейiн белгiлеу; мемлекет мұқтажына тапсырыс берудi қалыптастыру үшiн бастапқы деректердi дайындау және кен-металлургия кешенiнiң инфрақұрылымын әлеуметтiк-экономикалық дамыту жоспарларын әзiрлеу; республиканың мұқтажын ескере отырып, кешеннiң объектiлерiнiң стратегиялық дамуының айқындамасын және оларды орналастыру схемасын дайындау; кешеннiң ақпараттық және статистикалық-талдау деректерiнiң банкiсiн жасау және оны қамтамасыз ету; тиiмдi мемлекеттік саясатқа жағдай жасау және оны жүргiзу, кенiштi игеру мен кен өндiру, байыту және металлургияның жаңа технологиялары жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру; өнiмдi аттестациялау мен стандарттаудың нормативтi құжаттамасын әзiрлеу; кешендi дамытудың мақсатты басым бағдарламаларын әзiрлеп, жүзеге асыру, шағын, орташа және бiрлескен кәсiпорындар негiзiнде жоғары экономикалық әлеует жасау; Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бiрлесiп құрылыс салу және пайдалану үшiн пайдалы қазба кен орындарын белгiленген тәртiппен шет ел фирмаларына беру туралы контракттарды дайындау; кешеннiң объектiлерiн салу үшiн конкурстық құжаттарды дайындау және шетелдiк кредиттердiң қажеттiлiгiн негiздеу; Айналадағы ортаны қорғау және Халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысу; Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігін, Министрлер Кабинетi және басқа мемлекеттік басқару органдарын кен-металлургия кешеніндегі iстiң жайы туралы ұсыныстық сипаттағы қысқаша және орташа мерзiмдiк болжам жайындағы ақпаратпен қамтамасыз ету. 4. Департамент өзiне жүктелген функциялық мiндеттерге сәйкес: Қазақстанда өндiрiлетiн металдар балансының статистикалық есебiн, әлемдегi металл балансының индикативтi есебiн жүргiзедi, баланс өзгерiсiне, нарықтың конъюктурасына болжамдық бағамдау жасап бередi; аймақтық мүдделердi және тұтас алғанда халық шаруашылығының экономикасын ескере отырып кен-металлургия кешенiнiң дамуына талдау, болжамдау жасайды және баға бередi; мемлекет мұқтажы үшiн өнiм берiп тұру көлемiн қалыптастыруға қатысады; кен-металлургия кешенiнiң инфрақұрылымын әлеуметтiк-экономикалық дамыту жоспарын келісіп алады; республикада iздестiру және геологиялық барлау жұмыстарын өрiстету жөнiнде Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігіне ұсыныстар әзiрлейдi; Қазақстанның кен-металлургия кешенiнiң өндiрiс технологиясы мен жасақтануы; шығарылатын өнiмнiң техникалық деңгейi; техника қауiпсiздiгi, айналадағы ортаны қорғау және экология; еңбекке ақы төлеу, әлеуметтiк-экономикалық кепiлдiктер және т. б. жөніндегі әлемдiк деңгеймен салыстырғандағы жайына талдау жасайды; кешендi дамытудың, шағын, орташа және бiрлескен кәсiпорындар есебiнен жоғары экономикалық әлеует жасаудың мақсатты басым бағдарламаларын әзiрлеп, жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бiрлесiп құрылыс салу және пайдалану үшiн пайдалы қазба кен орындарын белгiленген тәртiппен шет ел фирмаларына беру туралы контракттарды дайындайды; кешеннiң объектiлерiн салу үшiн конкурстық құжаттарды дайындайды және шетелдiк кредиттердiң қажеттiлiгiн негiздейдi; Республиканың Экономика министрлігімен бiрлесiп, инвестиция-кредит саясатын қалыптастырады және өнеркәсiп кешендерiн дамыту бағдарламасын қаржыландыруда оны жүзеге асырады. 5. Департаменттiң құқығы: Департаменттiң шешiмдерi және алға қойылған мiндеттердi орындауға бағытталған нұсқаулары, меншiк нысандарына қарамастан, кен-металлургия кешенiнiң барлық кәсiпорындарына мiндеттi болып табылады. 6. Департаменттi лауазымы жөнiнен Өнеркәсiп министрiнiң орынбасары болып табылатын Бас директор басқарады. Бас директордың орынбасары - Бас директордың ұсынуы бойынша Өнеркәсiп министрi тағайындайтын Атқарушы директор. 7. Бас директор Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауап бередi, жұмысын ұйымдастырады және оған бекітілген ұйымдардың қызметiне басшылық жасайды, мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен кәсiпорындарда Департаменттiң мүддесiн бiлдiредi, банктерде есеп айырысу және басқа шоттар ашады, шарттар жасасады. Департаменттiң қызметiне қатысты нормативтi актiлердi қабылдайды, қолданылып жүрген заңдардың негiзiнде және оларды орындау үшiн бұйрықтар шығарады. Департаменттiң құрылымына, қызметкерлер санына және еңбекке ақы төлеу қорына сәйкес лауазымдық нұсқауларды, штат кестесiн бекiтедi. 8. Атқарушы директор Департаменттiң барлық бөлiмдерiнiң алдында тұрған мiндеттер мен тапсырмаларды орындауға бағытталған жұмысын қамтамасыз етедi. Бөлiмдердiң құрамын қалыптастырады, Бас директорға бөлiм бастықтары қызметiне кандидатураларды ұсынады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |