|
|
|
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мемлекеттері басшылары кеңесінің Достастық мемлекеттерi басшылары Кеңесiнiң "Тәжiкстан Республикасының Ауғанстанмен мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі жағдайды тұрақтандыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 24 желтоқсандағы Ашғабат қаласында қабылдаған шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасынан барған жиынтық батальонның Тәжiкстан Республикасының Ауғанстанмен мемлекеттік шекарасы учаскесiнде болу мерзiмi 1994 жылдың соңына дейiн ұзартылсын. 2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауiпсiздiк Комитетiне, Iшкi iстер министрлігіне 1994 жылғы 20 қаңтарға дейiнгi мерзiмде алмастырылуға тиiс батальонның жеке құрамына алып шығу және ТМД-ның сыртқы шекарасын қорғау үшiн контракт негiзiнде жаңа жиынтық батальон жасақтау тапсырылсын. Оны мiндетiн орындауы үшiн 1994 жылғы 25 қаңтардан 1 ақпанға дейiн Тәжiкстан Республикасына кiргiзетiн болсын. Жиынтық батальонның командованиесi Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi офицерлерiнiң қатарынан тағайындалсын, ал басшылық жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара әскерлерi бас басқармасына жүктелсiн. 3. Достастықтың сыртқы шекарасын қорғау, Тәжiкстан Республикасының Ауғанстанмен мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі жағдайды тұрақтандыру жөніндегі мемлекетаралық шарттарға, келісімдер мен шешiмдерге сәйкес мiндетiн орындап жүрген Қазақстан Республикасы қарулы күштерiнiң әскери қызметшiлерiне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Мемлекетаралық шарттар мен Келісімдерге сәйкес тәжiк-ауған учаскесiнде ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетудi күшейту жөніндегі мiндеттердi орындаушы Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне берiлетiн қосымша кепiлдiктер және оларға өтем жасау туралы" 1993 жылғы 30 сәуірдегі № 335 Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 14, 172-бап) қолданылсын. 4. Тәжiкстан Республикасындағы жиынтық батальонды ауыстыру мен ұстауға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының жалпы мақсаттағы Қарулы Күштерiн, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Iшкi iстер министрлігін қаржыландыру үшiн республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүргiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |