|
|
|
Германия Федеративтiк Республикасында Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы үкiметаралық келісімдердi жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ Германиядағы сыртқы экономикалық қызметке қазақстандық қатысушылардың жұмысын үйлестiру және олардың мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Германия Федеративтiк Республикасындағы Бонн қаласында Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгi ашылсын. 2. Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiнiң штат саны 1994 жылғы 7 айға айлықақы қоры 54754 АҚШ доллары сомасында 5 адам мөлшерiнде бекітілсiн. 3. Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкiлiне айына 1845 АҚШ доллары мөлшерiнде лауазымдық жалақы белгiленсiн. Сауда өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне лауазымдық жалақы Сауда өкiлiнiң жалақысына қарай штат кестесiне сәйкес белгiленсiн. 4. Сауда өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге АҚШ долларындағы айлықақы қорынан 2 процент мөлшерiнде аударым жасау белгiленсiн. 5. Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiнiң шығыс сметасы 346257 АҚШ доллары және 594284 теңге сомасында бекітілсiн. 6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1994 жылдың бюджетiн дәлдей түсу кезiнде Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiн ұстауға қаражат бөлiнуiн ескеретiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |