|
|
|
«Ұлттық акционерлік, мемлекеттік холдинг және акционерлік (1996.28.06. № 836; 1994.29.04. № 460 берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Ұлттық акционерлік, мемлекеттік холдинг және акционерлік компаниялары президенттерiнiң еңбек ақысы, әлеуметтiк және материалдық қамтамасыз етiлуi жөніндегі Ереже (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 желтоқсандағы № 1251 қаулысымен Бекiтiлген
Ұлттық акционерлік, мемлекеттік холдинг және акционерлік компаниялары президенттерiнiң еңбек ақысы, әлеуметтiк және материалдық қамтамасыз етiлуi жөніндегі Ереже
I. Жалпы ережелер
Осы ереже Ұлттық акционерлік, мемлекеттік холдинг және акционерлік компанияларының (бұдан әрi - компания) президенттерiне еңбек ақы төлеудiң, оларды әлеуметтiк және материалдық қамтамасыз етудiң тәртібі мен шарттарын белгiлейдi. Компания президентінің еңбегiне ақы төлеу компания өз иелiгіндегі акциялардан алатын дивиденттерден, сондай-ақ компания өзiнiң шаруашылық қызметi нәтижесiнде алған кiрiстерден бөлiнетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады. Компания президентi контракт негiзiнде жұмыс iстейдi, онда лауазым окладының мөлшерi, сондай-ақ материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету шарттары көрсетiледi. Компания президентiмен контрактқа үш жылға қол қойылады. II. Компания президентінің еңбек ақысы
1. Компаниялар республика экономикасындағы маңызына, сондай-ақ қызметiнiң мақсаты мен түрiне, атқаратын жұмысының көлемiне, кәсiпорындардың саны мен жұмыс iстейтiндердiң санына қарай қосымшаға сәйкес 2 санатқа бөлiнедi. Компания президентінің қызмет оклады компания санатына сәйкес былай белгiленедi: 1-санаттағы компаниялар - Қазақстан Республикасы Министрінің қызмет оклады деңгейiнде; 2-санаттағы компаниялар - Қазақстан Республикасы министрiнiң бiрiншi орынбасарының қызмет оклады деңгейiнде. Компания президентi президенттiк қызмет пен бас кәсiпорынның бiрiншi басшысы қызметiн қоса атқарған жағдайда оның қызмет оклады бас кәсiпорынның бiрiншi басшысының қызмет окладының 120 процентi мөлшерiнде белгiленедi. 2. Компаниялар президенттерiнiң еңбек ақысына аудандық, биiк таулы және экологиялық коэффициенттерi, сондай-ақ шөл және сусыздық үшiн коэффициентi қолданылады. 3. Компания президентiне айрықша жұмыс режимi үшiн Байқаушы кеңес қызмет окладының 40 процентiне дейiнгi мөлшерде үстеме белгiлейдi. Компания президентi контрактыға енген нақты көрсеткiштердi орындамаған жағдайда аталған үстеменi Байқаушы кеңес алып тастайды немесе азайтады. 4. Компания негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштердi орындаған жағдайда компания шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде алған және оның қарауында қалған кiрiс есебiнен: компанияның бiр айдағы жұмыс қорытындысы бойынша сыйлық; компанияның бiр жыл iшіндегі жұмыс нәтижелерi бойынша сыйақы; қызмет атқарған жылдары үшiн бiр жолғы көтермелеу ақысы төленедi. Сыйлықтар мен сыйақылардың мөлшерi сыйлық беру және қызмет атқарған жылдары үшiн жылдық сыйақы туралы компанияда қолданылып жүрген ережеге сәйкес белгiленедi. Компания президентi үшiн заңда көзделген, президент қызметiне тағайындалғанға дейiн ие болған барлық жеңiлдiктердi (қызмет атқарған жылдары үшiн қосымша демалыс, ауыр жұмыстардағы стаж және т.б.) ақталады. 5. Компания президентінің компания акцияларын компания жарғысымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерде және тәртiппен номинал құны бойынша сатып алуына құқығы бар.
III. Компания президентiн әлеуметтiк қамтамасыз ету
1. 1-санаттағы компания президентінің қызметi медициналық тұрмыстық қамтылуы және көлiк қызметi жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасы Министрінің қызметiне, ал 2-санаттағы компания Президентінің қызметi - Қазақстан Республикасы министрiнiң бiрiншi орынбасарының қызметiне теңестiрiлсiн. 2. Компания президентiне қатысы жоқ жағдайлар бойынша (денсаулығына байланысты жағдайларды қоса) контракт мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде, оған 6 айлық қызмет оклады мөлшерiнде бiр реткi өтем төленедi. 3. Егер компания президентi мiндеттерiн орындамағаны немесе компанияны басқарған кезде тәртiптi өрескел бұзғаны үшiн жұмыстан шығарылатын болса, оған қаржы өтемi немесе қандай да бiр басқа өтемдер төленбейдi. 4. Компания президентінің инициативасы бойынша контракт бұзылған жағдайда ол кетерiнен үш ай бұрын Байқаушы кеңестi жазбаша түрде хабардар етуге тиiс. Мұндай жағдайда өтем төлеу туралы шешiмдi Байқаушы кеңес қабылдайды. 5. Компания президентiне контракт мерзiмi бiткеннен кейiн алты айлық қызмет оклады мөлшерiнде бiр жолғы сыйлық төленедi. 6. Компания президентi оның президентi лауазымымен жұмыс iстеген кезеңде қайтыс болған жағдайда, оның отбасына алты айлық қызмет оклады мөлшерiнде жәрдемақы төленедi. 7. Компания президентiн әлеуметтiк қамтамасыз етудiң басқа түрлерi контрактпен реттеледi.
Ұлттық акционерлік, мемлекеттік холдинг және акционерлік компаниялары президенттерiнiң еңбек ақысы, әлеуметтiк және материалдық қамтамасыз етiлуi жөніндегі Ережеге қосымша 1-санатқа жататын компаниялар:
Алтыналмас Алматы қ. Қазақстан әуе жолы Алматы қ. Қорғау Алматы қ. КАТЭП Алматы қ. Қазақстан түстi металдары Алматы қ. КРАМДС Алматы қ. Алтай-ТМ Өскемен қ. Қазақмыс Жезқазған қ. ӨТМ-холдинг Өскемен қ. Ақсұңқар Шымкент қ. Казсталь-холдинг Темiртау қ. Мұнайгаз Алматы қ. Көмiр Алматы қ. Қазақгаз Орал қ. Энергостроймонтаж Алматы қ. Мұнайгазқұрылыс Ақтау қ. Алаугаз Алматы қ. Мұнай өнiмдерi Алматы қ. Желдірме Алматы қ. Ақ жол Алматы қ. Құрылысматериалдары Алматы қ. Құрылыс Алматы қ. Монтажспецстрой Алматы қ. Тағам Алматы қ. Астық Алматы қ. Барс Петропавл қ. Электротехника Алматы қ. Медтехника Көкшетау қ. Тiрек Алматы қ. Каскор Ақтау қ. Редмет Өскемен қ. Үмiт Степногорск қ. Легпром Алматы қ. Металлургремонт-холдинг Темiртау қ. Жиhаз Алматы қ. Казагрореммаш-холдинг Алматы қ. Отын Алматы қ. Тоған Алматы қ. Кең дала Алматы қ. Ауыл құрылысы Алматы қ. Қайсар Ермак қ. Алматықұрылыс Алматы қ.
II-санатқа жататын компаниялар
Химпром Алматы қ. Қуат Шымкент қ. Жолсерiк Алматы қ. Асыл Алматы қ. Ақ қауырсын Алматы қ. Рунокаракуль Алматы қ. Фармация Алматы қ. Береке Алматы қ. Қызмет Алматы қ. Маржан Қостанай қ. Зерттеу Ақтөбе қ. Топаз Өскемен қ. Алға Қарағанды қ. Жарыс Алматы қ. Тұлпар Ақтөбе қ. Ақ бота Атырау қ. Толқын Атырау қ. Поиск Фурманово п. Батыс Қаз. обл. Станкомаш Алматы қ. Сенім Тоғыз п. Оңтүстiк Қазақстан обл. Жайлау Алматы қ. Өркен Алматы қ. Гидрогеология Алматы қ. Зергер Алматы қ. Құнарлылық Алматы қ. Живпром Алматы қ.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |