1994-1995 жылдары Реформаларды тереңдету және экономиканы тұрақтандыру
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне Жолдауында және Қазақстан Республикасы Президентi бекiткен Реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасында баяндалған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. 1994-1995 жылдары Реформаларды тереңдету және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі осыған қосылған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл жоспары бекітілсiн. 2. Министрлiктердiң, ведомстволардың басшылары, жергiлiктi әкiмдер, ұлттық, мемлекеттік холдинг және акционерлік компаниялар осы Жоспарда белгiленген заңдылық және нормативтiк актiлердiң дер кезiнде және сапалы әзiрленуiн қамтамасыз ететiн болсын. Жауапты орындаушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары бiрге орындаушылардың келісімi бойынша осы қаулының орындалуы барысы туралы есеп берiлетiн айдан кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ақпарат берудi қамтамасыз ететiн болып белгiленсiн. 3. Реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасының негiзiнде министрлiктер, ведомстволар мен жергiлiктi әкiмдер бiр айлық мерзiм iшiнде салалар мен аймақтардың ерекшелiктерiн ескере отырып, оны жүзеге асыру жөніндегі өз шараларын әзiрлейтiн болсын. 4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің мәжілістерiнде Реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiнде Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасының, сондай-ақ Үкiметтiң iс-қимыл жоспарының орындалу барысы ай сайын қаралып отырады деп белгiленсiн. 5. Үкiметтiң iс-қимыл жоспарының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi iс басқармасының Жиынтық экономика бөлiмiне жүктелсiн.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|