|
|
|
«Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң мәселелерi» (1995.06.02. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігін құру туралы» 1994 жылғы 13 маусымдағы № 1730 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігіне мынадай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелсiн: Қазақстан Республикасының өнеркәсiп және сауда салалары қызметiнiң жергiлiктi атқару органдарымен өзара iс-қимылын мемлекеттік басқару мен үйлестiру; өнеркәсiп, сыртқы және iшкi сауда салаларының басым даму айқындамалары мен бағдарламаларын әзiрлеу; республиканың экономикасын тұрақтандыру және көтеру мақсатында өнеркәсiп пен саудада түбегейлi экономикалық реформалардың жүзеге асуына белсендi ықпал жасау; өндiрiстiк әлеуеттiң тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету, өнеркәсiп пен саудада нарықтық қатынастар мен құрылымдық қайта құруларды одан әрi дамыту негiзiнде халық тұтыну тауарлары мен өндiрiстiк-техникалық бағыттағы өнiмдердi шығаруды ұлғайту; әлемдiк нарықта сұранысқа ие бәсекелестiк қабiлетi бар тауарлар өндiрiсiн ұлғайту жөніндегі шараларды әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысу; өнеркәсiп пен саудада ғылыми-техникалық, инвестициялық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу; Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығын ұйымдастыру, шет елдермен сауда-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда министрлiктер мен ведомстволардың, жергiлiктi әкiмдердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың жұмыстарын үйлестiру, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң сыртқы нарықта Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауына бақылау жасау; өнiмдердiң экспорты мен импортын ұйымдастыру және реттеу /мұның iшiнде лицензиялау/, мемлекеттік сыртқы сауда компаниялары арқылы мемлекеттік мұқтаждықтар үшiн азық-түлiктi, шикiзат, медикаменттердi, жабдықтар мен басқа да өнiмдердi орталықтандырылған сатып алуды жүзеге асыру; әлемдiк, нарықтың конъюнктурасын зерттеу және оның дамуының ағымымен болжамдау, баға, валюта-қаржы, кредит, құқық мәселелерi бойынша, сол сияқты экспортқа шығарылған өнiмдердiң сыртқы нарықтың сапасы мен талаптары бойынша республиканың сыртқы экономикалық байланыстарына қатысушыларды әдiстемелiк, ақпараттық, маркетингтiк және консультациялық жағынан қамтамасыз ету; республиканың сыртқы экономикалық байланыстарына қатысушылардың шетел әрiптестерiмен сауда-экономикалық, валюта-қаржы, ғылыми-техникалық және басқа да қатынастарын реттеу; шетелдегi Қазақстан Республикасы сауда өкiлдiктерiнiң қызметiне белгiленген тәртiппен басшылық жасау; тiкелей өндiрiстiк және ғылыми-техникалық байланыстар орнату, шетел фирмаларымен бiрлескен кәсiпорындар құру; халықаралық экономикалық ұйымдар мен органдардың жұмысына қатысу; республикада және шетелдерде халықаралық көрме, жәрмеңке, аукцион, жарнамалық және басқа да шаралардың өткiзiлуiн үйлестiру; конъюнктураны болжамдау және тұтыну нарқының ауқымын айқындау, тауар ресурстарын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, республиканың сауда кәсiпорындары мен ұйымдарының қызметiн үйлестiру және реттеу, тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру; мемлекеттік басқарудың тиiстi органдарымен бiрлесiп монополияға қарсы саясат жүргiзу, мемлекет иелiгiнен алу және мемлекет меншiгiн жекешелендiру, санациялау және зиян шегушi кәсiпорындарды жою жөніндегі шаралар мен бағдарламалар кешенiн жүзеге асыру, өнеркәсiп пен саудада кәсiпкерлiктi дамыту. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігіне белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының таратылған Өнеркәсiп министрлігіне, Сауда министрлігіне, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындардың, ғылыми-зерттеу институттары мен басқа да ұйымдардың мүлкiне ие болу, пайдалану және басқару құқын беретiн болсын. 3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi штаттық саны 298 адам болып, мұның iшiнде Мемсаудаинспекциясында - 14 адам болып /ғимаратты күзетiп, қызмет көрсететiн адамдардан басқа/ белгiленсiн. ҚР Министрлер Кабинетінің 1995.06.02. № 115 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігіне министрдiң төрт, мұның iшiнде министрдiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын бiр бiрiншi орынбасары және 11 адамнан тұратын алқасы болуына рұқсат етiлсiн. Алқа құрамына лауазымдары бойынша министр мен оның орынбасарлары, сондай-ақ министрлiктiң басшы қызметкерлерi, ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары кiредi деп белгiленсiн. Министрлiктiң алқа құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігіне орталық аппараттың штатын белгiленген саны және еңбек ақы қоры шегiнде бекіту құқы берiлсiн. 5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігіне Өнеркәсiп министрлігінiң, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі мен Сауда министрлігінiң заңды мұрагерi ретiнде, орталық аппаратты орналастыру үшiн Абылай хан даңғылындағы, 77 /бұрынғы сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінiң ғимараты/, Гоголь көшесіндегі, 111 /бұрынғы Өнеркәсiп министрлігінiң ғимараты/ әкiмшiлiк ғимараттары берiлсiн. 6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясы Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң техникалық құралдар мен телефон арналарына, телекстiк және телефакстық, мұның iшiнде халықаралық байланыстарға, жұмсақ және қатты мүкәммалға, ұйымдық техникалар мен басқа да қажеттi жабдықтарға сұранысын шарттық негiзде таратылған Өнеркәсiп министрлігінiң, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі мен Сауда министрлігінiң лимитi шегiнде қамтамасыз ететiн болсын. 7. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлігіне 5 қызметтiк автомобиль лимитi белгiленсiн. 8. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі 2 апта iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі туралы Ереженiң жобасын бекітуге ұсынсын. 9. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі мен Өнеркәсiп және сауда министрлігі 2 апта iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне осы қаулыға қайшы келетiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылғанын тану туралы қаулының жобасын ұсынсын. 10. Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң қызметкерлерi үшiн 1995 жылы 600 шаршы метр жалпы тұрғын үй алаңын бөлетiн болсын. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі осы мақсаттар үшiн Экономиканы жаңғырту қорынан қажеттi қаражат қарастыратын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |