| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстанның даму институты туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Қазақстан Республикасының iшкi саясатының тиiмдiлiгiн арттыру және қоғамда әлеуметтiк және саяси тұрақтылық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстанның даму институтының ғылыми-зерттеу жұмысын кешендi жүргiзу және республиканың әлеуметтiк және саяси салаларын дамытудың аса қауырт емес бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзiрлеу негiзiнде жүзеге асырылатын мемлекеттік саясаттың ғылыми-талдау және болжамдау деңгейiн арттыру туралы ұсынысы мақұлдансын. 2. Қазақстанның даму институтының оны Қазақстан Республикасының iшкi саясатының проблемалары жөніндегі зерттеу жобалары бөлiгiн iске асыратын үйлестiрушi жұмысшы орталығы етiп белгiлеу туралы ұсынысы қабылдансын. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi бiр ай мерзiмде Қазақстанның даму институтын қолданып жүрген заңда белгiленген тәртiппен қызметтiк үй-жаймен қамтамасыз ететiн болсын. 4."Қазақтелеком" ұлттық акционерлік компаниясы Қазақстанның даму институтын бюджеттік ұйымдар үшiн белгiленген баға бойынша қажеттi телефон және факсимиле байланысымен қамтамасыз ететiн болсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |