|
|
|
«Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамы акционерлерінің Сату туралы
«Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 шілдедегі № 684 қаулысына сәйкес «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамына стратегиялық инвесторды тарту және «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік және мемлекеттік емес пакеттерін сату жөніндегі келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған 1998 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы мен «Централ Азиан Индастриал Инвестментс Н.В.« арасында жасалған «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамы акционерлерінің Сату туралы келісімі бекітілсін. 2. «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 шілдедегі № 684 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті директорының орынбасары Е.Е. Доминов «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 15.0 процентін сатуды ұйымдастыру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін; Э.К. Өтепов көрсетілген құрамнан шығарылсын. 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |