|
|
|
Кездесудiң қорытындысы Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Қазақстан Республикасының Үкiмет делегациясы мен ТЮФ Рейнланд Холдинг АГ (Германия) басшылығының Кельн қаласындағы екi жақты кездесуiнiң Қорытынды хаттамасының ережелерiн жүзеге асыру мақсатымен: 1. Қазақстанда ТЮФ Рейнланд Холдинг АГ өкiлдiгiн ашу және одан кейiн "ТЮФ Рейнланд - Қазақстан" еншiлес кәсiпорнын құру жөніндегі екi жақтың ұсыныстары қолдау тапсын. 2. Қорытынды хаттаманың жүзеге асырылуына Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, ал Хаттаманың бөлiмдерi бойынша: - айналадағы ортаны қорғау бөлiмi бойынша - Экология және биоресурстар министрлігі; - сапа жүйелерiн құру бөлiмi бойынша - Қазбасстандарт жауапты болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы мен Алматы қаласының әкімі бiр айлық мерзiмде Алматы қаласынан "ТЮФ Рейнланд - Қазақстан" өкiлдiгiне кеңсеге арналған көлемi 40 шаршы м 2 бөлмелi үй және "ТЮФ Рейнланд - Қазақстан" басшысының отбасы тұратын көлемi 70 шаршы м үш бөлмелi пәтер бөлсiн. 4. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі "ТЮФ Рейнланд - Қазақстан" өкiлдiгi ашылғаннан кейiн оның телефон, телекс және телефакс байланыс арналары туралы өтiнiмiнiң орындалуын қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1992 жылғы 31 шiлдедегi № 188 өкімінiң күшi жойылған деп танылсын. Премьер-министр
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |