|
|
|
Астық берiп тұруға шарт жасасу туралы Қазақстан Республикасы 1. Республиканың ауыл шаруашылық мекемелерiне биылғы жылғы берiлген электр қуаты үшiн есеп айырысуды жүзеге асыру мақсатында облыс әкiмдерi мен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі электр қуаты үшiн берешек шаруашылықтармен алынған электр қуаты үшiн қосымшаға сәйкес қарыздарды iшiнара өтеу есебiнде, Түрiкменстанға бос қалдықтардан 120 мың тонна /оның iшiнде 70 мың тонна азық-түлiктiк/ астық берiп тұруға шарт жасасуды қамтамасыз етсiн. "Астық" мемлекеттік акционерлік компаниясына, сондай-ақ келісім-шарт негiзiнде астық жеткiзiп берумен айналысатын коммерциялық құрылымдарға, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне Түркменстан Республикасына аталған мөлшердегi астықты жөнелтуде көмек көрсетуге ұсыныс жасалсын. 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі аталған астықты жөнелтудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң Кеден бас басқармасы қажеттi құжаттарды кеден бажын алмай-ақ ресiмдейтiн болсын. Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы № 491 өкіміне қосымша Шаруашылықтың бос қалдықтарынан электр қуаты үшiн қарыздарды iшiнара өтеу есебiнде Түркменстанға астық беру МӨЛШЕРI ----------------------------------------------------------------- Облыстар | Жөнелетiн | Пайдаланылған электр | астық мөлшерi| қуаты үшiн шаруашылықтардың | /мың тонна/ | қарызы /млн. теңге/ ------------------------------------------------------------------ Ақмола 20 500 Ақтөбе 20 310 Батыс Қазақстан 20 310 Көкшетау 30 588 Солтүстiк Қазақстан 30 504 -------------------------------------------------------------------- Барлығы 120
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |