Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын
ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 1696 Жарлығымен күші жойылды
Көптеген адам құрбандығына, елеулi материалдық ысырапқа соқтыруы ықтимал апаттағы табиғи және техногендiк құбылыстардың пайда болу мүмкiндiгiн есте ұстай отырып, әрi халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ұлттық игiлiкке келетiн зиянды азайту, Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын төтенше жағдайларда тұрақты жұмыс iстеуге даярлау мақсатында қаулы етемiн: 1. Өнеркәсiп аварияларынан, апаттан, табиғи зiлзаладан туындайтын төтенше жағдайларға жол бермеу және олардың зардаптарынан келетiн шығынды азайту мәселелерi мемлекеттік саясат жүргiзудiң басым саласы деп саналсын. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң басшылары адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, экономиканың мемлекеттік секторының экономикалық әлеуетiн сақтау жөнiнде уақтылы шаралар қабылдамағаны үшiн жеке-дара жауап бередi. 2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, 1993 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде төтенше жағдайдағы алдын алу және iс-қимыл жөніндегі ұзақ мерзiмдi мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзiрлеп, бекiтуге табыс етсiн, онда бiрiншi кезекте: республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарындағы ғимараттардың, құрылыстардың, әсiресе мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң, мектептердiң, ауруханалардың, емханалардың, адамдар жаппай келетiн әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлердiң және басқа объектiлердiң сейсмикалық орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргiзу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|