| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аумақтық Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" 1999 жылғы № 114 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 сәуірдегі № 114 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі № 442 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары бюджеттеріне қажетті өзгерістердің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың кепілдік міндеттемелері бойынша берілетін соманың, сондай-ақ Еңбекшілдер, Зеренді және Щучинск аудандары және Көкшетау қаласы мемлекеттік мекемелерінің дебиторлық-кредиторлық берешегін беру шарттарының Келісу актісі назарға алынсын. 2. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1334 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған қаулының 1-қосымшасында: "IV. Шығыстар" бөлімінде: 15 функционалдық топтағы: 111 Ақмола облысының әкімі жолындағы "3 266 134" деген сан "4 031 718" деген санмен ауыстырылсын; 125 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жолындағы "3 815 267" деген сан "3 049 683" деген санмен ауыстырылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |