|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қазандағы № 851 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 39, 588-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы ережеде: 2-тармақтың үшінші абзацындағы "Мемлекеттік тергеу комитеті" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын; 22-тармақтағы "Мемлекеттік тергеу комитетінің" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық полициясы комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |