Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағын Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Ю.А.Ким, Кеңес мүшелері Ж.Д.Бұсырманов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, өтініш субъектісінің өкілі Парламент Мәжілісінің депутаты Н.С.Каптильдің қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т.Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады. Конституциялық Кеңестің мүшесі В.Д.Шопиннің хабарын, өтініш субъектісінің өкілі депутат Н.С.Каптильдің сөзін тыңдап және қолда бар материалдармен таныса келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: Конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті. Өтініште сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің сессиясын ұзартудың мүмкіндігі туралы да мәселе қойылуда. Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағын ресми түсіндіруде Конституциялық Кеңес мынаны ескерді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағы Қазақстан Республикасы Парламентінің, қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен бастап маусымның соңғы жұмыс күніне дейін, кезектегі сессияларын бір жылда бір рет өткізуді белгілейді. Бұл осы норманың Парламенттің сессиялық жұмысының жалпы мерзімін көзде тұтуын білдіреді, бұл ретте Республика Конституциясында көрсетілген мерзімді өзгертуге тыйым салатын нормалар жоқ. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|