|
|
|
2003 жылдың Азия Даму Банкінің 36-шы жылдық кездесуін өткізуге Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және инвестициялық имиджін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігінің 2003 жылы Азия Даму Банкінің 36-шы жылдық кездесуін өткізуге Алматы қаласын ұсыну туралы ұсынысы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігін Азия Даму Банкінің 36-шы жылдық кездесуін 2003 жылы Алматы қаласында өткізу жөнінде Азия Даму Банкіне ресми сұрау салсын және онымен қажетті жұмысты ұйымдастырсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ораз Әлиұлы Жандосовқа жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |