|
|
|
Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы қаржыларының кейбір мәселелері туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 848 Қаулысымен күші жойылды
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы қаржыларын инвестициялауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша жинақтаушы зейнетақы қаржыларын тұрақты бағалаудың тәртібі туралы нормативтік құқықтық акті әзірлеу және оны бекіту ұсынылсын. 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы қаржыларын тұрақты бағалауды жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету жөнінде шаралар қабылдасын; өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |