|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігін Астана қаласына орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 наурыздағы № 289 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігіне қоныс аудару жөніндегі шығыстарды жабу үшін 10 млн. теңге бөлсін. Ескерту: 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 02.11.99 ж. № 1640 қаулысымен. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |