|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы
ҚР Үкіметінің 2006.15.03 № 168 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлеудiң тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: аталған қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлеудің тәртібі туралы ережеде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Лицензиялық алымның мөлшерiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары мен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi және ол лицензияларды ресiмдеу мен беру кезiнде, сондай-ақ лицензиялық тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру кезiнде лицензиарлардың шеккен шығындарына сүйене отырып айқындалады"; 4-тармақ алынып тасталсын; 2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |