|
|
|
"Экономикалық зерттеулер институты" мемлекеттік мекемесін "Экономикалық "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң "Экономикалық зерттеулер институты" мемлекеттік мекемесi шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiктiң құқық субъектiсінің функцияларын жүзеге асыратын органы болып белгiленсiн. Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 30.11.99 ж. № 1817 қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын, Жарғысын бекiтсiн және Кәсiпорынды белгiленген тәртiппен әдiлет органдарында тiркесiн. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі" деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі"; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 105-1-жолмен толықтырылсын: "105-1. Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы"; 2) Ескерту. 4-тармақтың 2)-тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 27.05.99 ж. № 657 қаулысымен. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |