|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 15 қазандағы № 1044 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 1999 жылға арналған индикативтік жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 15 қазандағы № 1044 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 36, 332-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 1999 жылға арналған негiзгi макроэкономикалық көрсеткіштері қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 мамырдағы № 666а қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының 1999 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері _______________________________________________________________________ | | 1997 ж. | 1998 ж. | 1999 ж. | | | есеп | есеп | бағалау | |_____________________________________|_________|_________|_____________| ЖІӨ, млрд.теңге 1672,1 1747,7 1824,1 ЖІӨ нақты түрінде, % 101,7 97,5 98,5 ЖІӨ дефляторы 16,1 7,2 6,0 ЖІӨ жан басына шаққанда, мың теңге 105,4 111,7 122 Тұтыну бағасының индексі, %: кезеңнің аяғында 11,2 1,9 16,8 жыл бойынша орташа 17,4 7,1 7,1 Теңгенің АҚШ долларына бағамы жыл бойынша орташа 75,4 78,3 119,1 Бюджет тапшылығы, млрд. теңге 62,2 70,1 67 ЖІӨ-ге % 3,7 4,0 3,7 Өнеркәсіп, млрд. теңге 809,7 801,5 815 Нақты өзгеруі, % 104,0 97,9 98,3 Ауыл шаруашылығы, млрд.теңге 297 246,6 259,3 Нақты өзгеруі, % 98,1 81,1 98,9 Экспорт, млн. АҚШ долл. 6899 5773,8 5185 Импорт, млн. АҚШ долл. 7176 6574,7 5250 Негізгі капиталға инвестиция, млрд. теңге 140 189,3 196
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |