| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдарды қайта ұйымдастыру және құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 45-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдагы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) «Қазақстан Республикасының Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінiң «Қазақстан Республикасының Биотехнология жөнiндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны болып қайта құру жолымен; 2) «М.Ә.Айтқожин атындағы молекулярлық биология және биохимия» мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінiң «М.Ә.Айтқожин атындағы молекулярлық биология және биохимия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен; 3) «Фармацевтiк биотехнология институты» мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлiгінiң» Фармацевтiк биотехнология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен; 4) «Өсiмдiктердiң физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы» мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінiң «Өсiмдiктердiң физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен; 5) «Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлiгінiң «Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгі нысанасы: денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және өнеркәсiп үшiн өнiмдер шығару жөніндегі ғылымды қажет ететiн, экологиялық таза, аз қалдықты және қалдықсыз биологиялық технологиялар мен өндiрiстердi әзiрлеу биотехнология саласында конверсиялық бағдарламаларды iске асыру болып белгiленсiн. 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінiң «Орталық дәрiгерлiк қоспаларды биологиялық зерттеу лабораториясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны құрылсын. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы: жаңа дәрiлiк заттарға биологиялық фармакологиялық және таксикологиялық зерттеулер жүргiзу, оны әзiрлеу және жасау; олардың әсер ету тетiктерiн зерделеудің негiзiнде биологиялық белсендi заттарды алдын ала iрiктеудің клеткалық жүйелерiн әзiрлеу болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Кәсiпорындарды мемлекеттік басқаруға өкiлеттi орган, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі: 1) Кәсіпорындардың жарғыларын бекiтсiн және оларды мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |