|
|
|
Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына қатысудың мемлекеттік үлесі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Сентрал Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясының арасындағы даулы мәселелерді реттеу мақсатында Қазақстан республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Сентрал Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясының "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" (Бақыршық тау-кен өндіретін бірлескен кәсіпорын) ЖШС-на қатысу үлесін "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС-дегі компанияның 60% қатысу үлесінің төленбеген құнының есебіне, мұнымен бір мезгілде 1996 жылғы 13 желтоқсандағы сатып алу-сату шартында көзделген инвестициялар сомасын 150 (жүз елу) миллион АҚШ долларынан 105 (жүз бес) миллион АҚШ долларына кеміте отырып, 30% мөлшерінде Қазақстан Республикасының меншігіне қайтару туралы ұсынысына келісім берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті: 1) "Сентрал Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясынан осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қатысу үлесін Қазақстан Республикасына беру жөніндегі қажетті рәсімдерді жүргізсін және "Сентрал Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясы қол қойған 1996 жылғы 13 желтоқсандағы Сатып алу-сату шартына осы қаулының 1-тармағынан туындайтын тиісті өзгерістер енгізсін; 2) Ескерту. 2)-тармақша ҚР Үкіметінің 09.10.01 ж. № 1304 қаулысымен алып тасталды 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә. Жандосовқа жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |