Республика Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын ресми түсіндіру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 10/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төраға Ю.А.Ким, Кеңес мүшелері Ж.Д.Бұсырманов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, өтініш субъектілерінің өкілдері - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі депутаттары С.Г.Темірболатов пен Н.С.Каптильдің қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары Төрағаларының Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын ресми түсіндіру туралы бірлескен өтінішін қарады. Қолда бар материалдарды зерделей келе және баяндамашы Қ.Ә. Омархановтың хабарын және өтініш субъектілерінің сөздерін тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: 1999 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне келіп түскен Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі Төрағаларының өтінішінен Конституцияда және Республиканың қолданылып жүрген заңдарында Мемлекет басшысын Қазақстанның мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы шешім қабылдау субъектісінің анықталмағаны келіп шығады. Баяндалғанды ескеріп, Парламент Палаталарының Төрағалары Мемлекет басшысын наградтау туралы шешім қабылдау субъектісі кім болып табылатыны және Республика Парламенті мұндай шешім қабылдай ала ма деген бөлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасына, 53-бабына және 54-бабының 4) тармақшасына ресми түсіндіру беруді сұрайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын ресми түсіндіруде Конституциялық Кеңес мынаны ескерді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|