|
|
|
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Мәскеуде 1997 жылғы 24 сәуiрде қол қойылған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы Шекара ауданында қарулы күштердi өзара қысқарту туралы келісім бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Президентi Бұдан әрi қарай Тараптар деп аталатын Бiрлескен Тарапты құрайтын Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы, ұзақ мерзiмдi тату көршiлiк және достық қарым-қатынастарды қолдау мен дамыту бес мемлекеттiң және олардың халықтарының түпкiлiктi мүдделерiне қызмет ететiндiгiн ескере отырып, бұдан әрi шекара ауданы деп аталатын, бiр жағынан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжiкстан және, екiншi жағынан, Қытай арасындағы шекара ауданда қауiпсiздiктi нығайту, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау азия-тынық мұхиты аймағындағы және бүкiл дүние жүзiндегi бейбiтшiлiктi қолдауға қосылған маңызды үлес болып табылатынына сенiмдi бола отырып, өзара күш қолданбау немесе күш қолданумен қауiп төндiрмеудi, бiржақты әскери үстемдiк алу ұмтылысынан бас тартуды растай отырып, 1990 жылғы 24-сәуірдегі Кеңес Социалистiк Республикалар Одағының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Yкіметі арасындағы Кеңес-қытай шекара ауданда қарулы күштердi өзара қысқартудың және әскери салада сенiмдi нығайтудың басшы принциптерi туралы келісімге сәйкес, өзара тең қауiпсiздiк принципi негiзiнде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжiкстан және Қытай арасындағы шекара ауданда орналасқан қарулы күштердi Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжiкстан және Қытай арасындағы тату көршiлiк пен достық қарым-қатынастарға жауап беретiн ең аз деңгейге дейiн қысқартуға, шекара ауданда қалатын қарулы күштерге тек қорғаныс сипатын беруге ұмтыла отырып, 1996 жылғы 26-сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiк Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы Шекара ауданда әскери саладағы сенiмдi нығайту туралы келісімдi дамыту үшiн, төмендегiлер жөнiнде келiстi: 1-бап Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн төмендегi терминдер қолданылады: 1. "Жеке құрам" жаяу әскердiң, әскери-әуе күштерiнiң, әуе шабуылынан қорғаныс (ӘШҚ) авиациясының және шекара әскерiнiң (шекара бөлiмдерiнiң) мiндеттi әскери қызметтегi жеке құрамды бiлдiредi; 2. "Шекара әскерi (шекара бөлiмдерi)" шекарадан өткізу пункттерiнде шекаралақ бақылауды жүзеге асыратын бөлiмдер мен бөлiмшелердi қоспағанда, мемлекеттік шекараны қорғау бойынша мiндеттердi атқаратын бөлiмдер мен бөлiмшелердi бiлдiредi; 3. "Ұрыс танкiсi" ойлы-қырлы жерлермен жүруге жоғары қабiлетi және бронялы қорғаны бар, 360 градусқа бұрылу бұрышы, әрi броняланған және басқа да нысандарды жою қабiлетi бар 75 мм-ден кем емес калибрлi пушкiмен қаруланған өзi жүретiн броняланған ұрыс машинасын бiлдiредi. 4. "Броняланған ұрыс машинасы" ойлы-қырлы жерлермен жүруге жоғары қабiлетi және бронялы қорғаны бар, ұтқыр ұрыс iс-әрекеттерiн жүргiзу үшiн ұрыс атқыштар бөлiмшелерiн (жаяу әскер) тасымалдауға арналған шынжыр табанды немесе дөңгелектi әскери машинаны бiлдiредi. Броняланған ұрыс машиналарына бронетранспортерлер мен жаяу әскердiң ұрыс машиналары жатады. 5. "Артиллериялық жүйе" өзi жүретiн және тiркелетiн 122 мм және одан да үлкен калибрлi артиллериялық қаруды бiлдiредi. 122 мм және одан да үлкен калибрлi артиллериялық жүйелерге пушкiлер, гаубицалар, пушкiлер мен гаубицалардың мүмкiндiктерiн бiрiктiрген зеңбiректер, минаатқыштар мен дүркiндете атудың реактивтiк жүйелерi жатады. 6. "Тактикалық ракеталардың ұшыру қондырғысы" 500 км қашықтыққа дейiн ұшатын ракеталарды ұстауға, ұшыруға дайындау және ұшыруға арналған құрылғыны бiлдiредi. 7. "Ұрыс ұшағы" басқарылатын және басқарылмайтын ракеталармен, бомбалармен, пулеметтермен, авиациялық пушкiлермен және оперативтi-тактикалық тереңдiктегi нысандарды жою үшiн қолданылатын басқа да қарумен жабдықталған ұшақты бiлдiредi. "Ұрыс ұшағына" үйретудiң бастапқы кезеңiнде пайдаланылатын оқу-жаттығу ұшақтары жатпайды. 8. "Әуе барлауының және радиоэлектрондық күрес ұшағы (РЭК)" әуе барлауын жүргiзу және радиоэлектрондық күрес үшiн арналып, арнайы құрастырылған (қайта жабдықталған) және аппаратурамен жабдықталған ұшақты бiлдiредi. 9. "Ұрыс тiкұшағы" жер үстi және әуе нысаналарын жоюға арналған айналмалы қаңғалақты ұрыс ұшу аппаратын бiлдiредi. Ұрыс тiкұшақтарына соққы беру және ұрысты қамтамасыз ету тiкұшақтары жатады: 1) "Соққы беру тiкұшағы" танкiге қарсы, "әуе-жер" немесе "әуе-әуе" кластағы басқарылатын ракеталарды қолдануға жабдықталған және ату мен қару-жарақты нысаналауды басқару бойынша кешендi жүйемен жабдықталған тiкұшақты бiлдiредi; 2) "Ұрысты қамтамасыз ету тiкұшағы" пулеметпен, пушкiмен және басқарылмайтын ракеталармен, бомбалармен немесе бомбалық кассеталармен қаруланған және нысананы жою мен басу сияқты ұрыс тапсырмаларын орындау мүмкiндiгi бар тiкұшақты бiлдiредi. 10. "ӘТФ (ӘТК) өзен ұрыс кемесi" ұрыс iс-қимылдарын жүргiзу үшiн арналған және қарудың жүйелерiмен жабдықталған кеменi бiлдiредi. 11. "Қысқарту орны" осы Келісімге сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы қысқарту жүзеге асырылатын орынды бiлдiредi. 12. "Шығыс учаске" Ресей мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараның Шығыс бөлiгiн бiлдiредi. 13. "Батыс учаске" Ресей мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараның Батыс бөлiгiн, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжiкстан және Қытай арасындағы мемлекеттік шекараларды бiлдiредi. 2-бап Тараптардың қарулы күштерiнiң құрамдас бөлiгi ретiнде шекара ауданда орналасқан Тараптардың қарулы күштерi екiншi Тарапқа шабуыл жасау үшiн пайдаланылмайды, екiншi Тарапқа қауiп төндiретiн және шекара ауданда тыныштық пен тұрақтылықты бұзатын қандай да бiр әскери iс-қимылды жүргiзбейдi. 3-бап >1. Тараптар Келісімдi қолданудың географиялық шектерiнде орналасқан жеке құрамның саны мен жаяу әскер, әскери-әуе күштерi және ӘШҚ авиациясының қару-жарағы мен әскери техникасының негiзгi түрлерiнiң санын қысқартады әрi шектейдi және олар үшiн ең көп деңгейдi тағайындайды. 2. ӘШҚ авиациясының ұрыс ұшақтары қысқартудан кейiн қалатын ұрыс ұшақтарының шектi деңгейiне есепке алынады. 3. Тараптар Келісімдi қолданудың географиялық шектерiнде орналасқан шекара әскерлерi (шекара бөлiмдерi) үшiн олардың жеке құрамы және қару-жарақ пен әскери техниканың саны бойынша шектi деңгейiн белгiлейдi. 4. Тараптар Келісімдi қолданудың географиялық шектерiнде ӘТФ (ӘТК) өзен ұрыс кемелерiн орналастырмайды. 5. Тараптар осы Келісім күшiне енген күннен бастап және қысқарту кезеңi аяқталғанға дейiн, осы Келісімге сәйкес қысқартуға және шектелуге тиiс жеке құрамды, қару-жарақты және әскери техниканы, осы Келісім бойынша қысқартылуға және шектелуге жатпайтын қарулы күштердiң басқа түрлерiне немесе Келісімдi қолданудың географиялық шектерiнде орналасқан шекара әскерiне (шекара бөлiмдерiне) бермейдi. 4-бап 1. Келісімдi қолданудың географиялық шектерi - бiр жағынан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжiкстан және, екiншi жағынан, Қытай арасындағы шекара сызығының екi жағынан 100 км қашықтықта орналасқан географиялық аудан болып табылады. 2. Сезiмтал аудандар ретiнде Келісімдi қолданудың географиялық шектерiндегi алаңы жағынан шектелген жекелеген аудандар көрсетiледi. Ресей жағынан Шығыс учаскеде - бұл Хабаровск сезiмтал ауданы және Владивосток сезiмтал ауданы. Жоғарыда аталған сезiмтал аудандарда, осы Келісімге сәйкес қысқартылуға және шектелуге тиiс қарулы күштер мен шекара әскерiнiң жеке құрам саны, қару-жарақ пен әскери техниканың саны мен санаттары осы Келісімде көзделген шектi деңгейлерге енгiзіледi. Осы Келісімге сәйкес сезiмтал аудандардағы қысқартылуға және шектелуге тиiс қарулы күштер мен шекара әскерiнiң жеке құрамына, қару-жараққа және әскери техникаға қатысты орындағы инспекция жүргiзiлмейдi. 3. Келісімдi қолданудың географиялық шектерi және сезiмтал аудандар туралы нақты ережелер Келісімдi қолданудың географиялық шектерi туралы хаттаманың мазмұнында көрсетiлген. 5-бап 1. Осы Келісімде анықталған қысқарту мерзiмi аяқталған кезде Тараптардың әрқайсысы үшiн Келісімдi қолданудың географиялық шектерiнде қалатын жаяу әскер, әскери-әуе күштерi және ӘШҚ авиациясының жеке құрамының шектi деңгейi 130,4 мың адамнан аспайды, соның iшiнде жаяу әскерде - 11,5 мың адам, әскери-әуе күштерiнде - 14,1 мың адам, ӘШҚ авиациясында - 0,9 мың адам. Шығыс учаске үшiн жеке құрамның шектi деңгейi 119,4 мың адамнан аспайды, соның iшiнде жаяу әскерде - 104,4 мың адам, әскери-әуе күштерiнде - 14,1 мың адам, ӘШҚ авиациясында - 0 адам. Батыс учаске үшiн жеке құрамның деңгейi 11 мың адамнан аспайды, соның iшiнде жаяу әскерде - 11 мың адам, әскери-әуе күштерiнде - 0 адам, ӘШҚ авиациясында - 0 адам. 2. Осы Келісім күшiне енген күннен бастап Тараптардың әрқайсысы үшiн Келісімдi қолданудың географиялық шектерiндегi шекара әскерiнiң (шекара бөлiмдерiнiң) жеке құрамы санының шектi деңгейi 55,0 мың адамнан аспайды, соның iшiнде Шығыс учаске үшiн - 38,5 мың адам, Батыс учаске үшiн - 16,5 мың адам. 3. Тараптар Келісімдi қолданудың географиялық шектерiндегi жеке құрамда жоспарлы ауыстыру кезеңiнде осы Келісім бекiткен жеке құрам санының деңгейлерiн уақытша арттыруға құқылы. Жеке құрамды жылына бiр рет жоспарлы ауыстыруды жүргiзу кезiнде уақытша арттырулар 35-тен аспайтын проценттi құрайды және 90 күн мерзiммен шектеледi. Ауыстыруды жылына екi рет жүргiзген кезде уақытша арттырулар 30-дан аспайтын проценттi құрайды және 90 күн мерзiммен шектеледi. 4. Тараптар Хабармен алмасу туралы хаттамаға сәйкес жеке құрам саны бойынша шектi деңгейлердi уақытша арттыру жөнiнде бiр-бiрiне өзара хабарлайды. 6-бап 1. Осы Келісімге сәйкес қысқартуға және шектеуге қару-жарақтың және әскери техниканың төмендегi санаттары жатады: ұрыс танкiлерi, броняланған ұрыс машиналары, артиллериялық жүйелер, тактикалық ракеталарды ұшыру қондырғылары, ұрыс ұшақтары, ұрыс тiкұшақтары. Барлау және РЭК ұшақтары қысқартылуға жатпайды. Тараптар Хабармен алмасу туралы хаттамаға сәйкес осы ұшақтардың түрлерi, саны, типтерi және орналасу орындары туралы бiр-бiрiне хабарлайды, сондай-ақ бұндай ақпаратқа тексеру жүргiзуге құқылы. 2. Тараптардың әрқайсысында Келісімдi қолданудың географиялық шектерiнде қалатын қару-жарақ пен әскери техниканың шектi деңгейлерiнiң есебiне ұрыс бөлiмдерiндегi, сондай-ақ қоймалық сақтаудағы қару-жарақ пен әскери техника кiредi. 3. Осы Келісімде анықталған қысқарту мерзiмi аяқталған кезде Тараптардың әрқайсысы үшiн Келісімдi қолданудың географиялық шектерiнде қалатын жаяу әскер, әскери-әуе күштерi және ӘШҚ авиациясының қару-жарақ пен әскери техникасының төмендегi санаттағы шектi деңгейi төмендегiлерден аспайды: 1) ұрыс танкiлерi - 3900, соның iшiңде ұрыс бөлiмдерiнде - 3050, қоймалық сақтауда - 850; 2) броняланған ұрыс машиналары -5890, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 4520, қоймалық сақтауда -1370; 3) артиллериялық жүйелер - 4540, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 2990, қоймалық сақтауда - 1550; 4) тактикалық ракеталарды ұшыру қондырғылары -96, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 84, қоймалық сақтауда - 12; 5) ұрыс ұшақтары - 290, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 290, қоймалық сақтауда - 0; 6) ұрыс тiкұшақтары - 434, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 434, қоймалық сақтауда - 0; Соның iшiнде Шығыс учаске үшiн: 1) ұрыс танкiлерi - 3810, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 2960, қоймалық сақтауда - 850; 2) броняланған ұрыс машиналары - 5670, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 4300, қоймалық сақтауда - 1370; 3) артиллериялық жүйелер - 4510, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 2960, қоймалық сақтауда - 1550; 4) тактикалық ракеталарды ұшыру қондырғылары -96, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 84, қоймалық сақтауда - 12; 5) ұрыс ұшақтары - 290, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 290, қоймалық сақтауда - 0; 6) ұрыс тiкұшақтары - 434, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 434, қоймалық сақтауда - 0; Батыс учаске үшiн: 1) ұрыс танкiлерi - 90, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде -90, қоймалық сақтауда - 0; 2) броняланған ұрыс машиналары -220, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 220, қоймалық сақтауда -0; 3) артиллериялық жүйелер - 30, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 30, қоймалық сақтауда - 0; 4) тактикалық ракеталардың ұшыру қондырғылары - 0, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 0, қоймалық сақтауда - 0; 5) ұрыс ұшақтары- 0, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 0, қоймалық сақтауда - 0; 6) ұрыс тiкұшақтары - 0, соның iшiнде ұрыс бөлiмдерiнде - 0, қоймалық сақтауда -0. 4. Осы Келісім күшiне енген күннен бастап Тараптардың әрқайсысы үшiн Келісімдi қолданудың географиялық шектерiндегi шекара әскерi (шекара бөлiмдерi) қару-жарағы мен әскери техникасының төмендегi санаттарының шектi деңгейi төмендегiлерден аспайды: 1) броняланған ұрыс машиналары -820; 2) ұрыс тiкұшақтары - 80; Соның iшiнде Шығыс учаске үшiн: 1) броняланған ұрыс машиналары -680; 2) ұрыс тiкұшақтары - 70; Батыс учаске үшiн: 1) броняланған ұрыс машиналары - 140; 2) ұрыс тiкұшақтары - 10. 5. Осы Келісімде бекітілген сандық және басқа шектеулерге: 1) сынақтарды жүргiзуге ғана байланысты өндiрiс процесiндегi, сондай-ақ зерттеулер мен әзiрлемелер мақсаттары үшiн ғана пайдаланылатын; 2) Келісімдi қолданудың географиялық шектерi арқылы транзиттi өтетiн және осы ауданда 15 күннен артық болмайтын; 3) қару-жарақ құрамынан алынып тасталғаннан кейiн Тараптардың жарияланған орындарында қайта өңдеудi күтiп жатқан қару-жарақ пен әскери техника жатпайды. 6. Қысқартылатын қару-жарақ пен әскери техниканың нақты типтерi Қысқарту тәртібi туралы хаттамада айқындалған. 7-бап Тараптар осы Келісіммен көзделген қарулы күштердi өзара қысқартудың бүкiл көлемiн осы Келісім күшiне енген күннен бастап 24 ай iшiнде жүзеге асырады. 8-бап 1. Қарулы күштердiң жеке құрамын қысқарту: тұтас әскер құрамаларын (дивизия, бригада, полк, жеке батальон, әскери-әуе күштерiндегi эскадрилья немесе оларға теңестiрiлген басқа да бөлiмдер) тарату жолымен, әскер құрамаларының штаттық санын азайту жолымен, әскер құрамаларын Келісімдi қолданудың географиялық шектерiнен тыс шығару жолымен жүргiзiледi. 2. Тараптар осы Келісім бойынша қысқартылуға жататын қару-жарақ пен әскери техниканы жою, бөлшектеу, азаматтық мақсаттар үшiн қайта жабдықтау, стационарлық экспозицияға орналастыру, жер үстi немесе әуе нысандары ретiнде пайдалану, оқу материалдық бөлiмге жаңадан мамандандыру және iшiнара Келісімдi қолданудың географиялық шектерiнен тыс шығару жолымен қару-жарақты және әскери техниканы қысқартуды жүзеге асырады. 3. Шығару жолымен қысқартылатын қарулы күштердiң жеке құрамы, қару-жарағы және әскери техникасы Келісімдi қолданудың географиялық шектерiнен айтарлықтай қашықтықтағы аудандарға көшiрiледi. 4. Жеке құрамды қысқартудың тәртібі, қару-жарақ пен әскери техниканы қысқартудың тәртібі мен процедуралары Қысқартудың тәртібі туралы хаттамада анықталған. 9-бап 1. Тараптар өзара сенiмдi нығайту мақсаттарында, сондай-ақ осы Келісімнiң орындалуын бақылауды қамтамасыз ету үшiн Ақпаратты алмасу туралы хаттамаға сәйкес Келісімдi қолданудың географиялық шектерiнде орналасқан әскер құрамалар, олардың жеке құрамының саны, жаяу әскер, әскери-әуе күштерi, ӘШҚ авиациялары, шекара әскерiнiң (шекара бөлiмдерi) қару-жарағы мен әскери техникасының негiзгi түрлерiнiң саны туралы ақпаратпен алмасады. 2. Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапқа берiлетiн ақпарат үшiн жауапкершiлiк алады. Қажет болғанда Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапқа берiлген ақпаратқа қатысты қосымша мәлiметтер немесе түсiндiрулер беру туралы сұратумен шығуға құқылы. 3. Осы Келісімге сәйкес берiлуге тиiс барлық ақпарат жазбаша нысанда дипломатиялық арналар арқылы немесе Тараптар келiскен басқа арналар арқылы жiберіледi. 4. Тараптардың осы Келісімге сәйкес алмасатын және осы Келісімдi орындау барысында алатын ақпараты құпия болып табылады. Тараптардың ешқайсысы оған екiншi Тараптың келісімiнсiз бұл ақпаратты ашпайды, жарияламайды және үшiншi жаққа бермейдi. Осы Келісімнiң қолданысы тоқтаған жағдайда Тараптардың әрқайсысы осы баптың аталған тармағының ережелерiн сақтауды жалғастыра бередi. 5. Ақпараттың нақты мазмұны, сондай-ақ ақпаратты алмасудың тәртібі мен мерзiмдерi Ақпаратты алмасу туралы хаттамамен белгiленедi. 10-бап 1. Осы Келісімдi жүзеге асыруды және сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Тараптардың әрқайсысы Келісімдi қолданудың географиялық шектерiнде Тараптардың қарулы күштерi және шекара әскерi (шекара бөлiмдерi) үшiн Бақылау және тексеру хаттамасына сәйкес инспекциялар жүргiзуге және инспекциялар мен тексерудi қабылдауға құқылы және мiндетiн алады. 2. Қарулы күштердi қысқарту процесiнде Тараптардың әрқайсысы Шығыс және Батыс учаскелерiнiң әрқайсысында жылына үш реттен көп емес инспекциялар жүргiзуге және қабылдауға құқылы және мiндетiн алады. Қысқарту аяқталғаннан кейiн инспекциялар Шығыс және Батыс учаскелерiнiң әрқайсысында жылына 2 реттен артық емес өткiзiледi. Әрбiр бақылау объектiсiнiң инспекциясы немесе қысқарту орнының инспекциясы, немесе талап бойынша инспекция бiр дүркiндi болып саналды және инспекция жүргiзушi Тараптың жүргiзуi мүмкiн инспекцияларының жалпы санынан алынып тасталады. 3. Осы Келісім күшiне енген күннен кейiн 60 күн iшiнде Тараптар өздерiнiң келу/кету пункттерi туралы мәлiмдемелермен алмасады. Тараптардың әрқайсысы өзi көрсеткен келу/кету пункттерiн ауыстыруға немесе жаңасын құруға құқылы, бұл туралы екiншi Тарапқа, осындай өзгерту немесе қосуға дейiн 60 күннен кешiктiрмей мәлiмдейдi. 4. Тараптардың әрқайсысы бақылау объектiлерiнiң инспекциясын жүргiзуге құқылы. Бақылау объектiлерiне инспекциядан бас тартуға болмайды. Бұндай инспекциялар форс-мажорлық жағдайлардың iс-әрекеттерi кезеңiне ғана кешiктiрiлуi мүмкiн. 5. Тараптардың әрқайсысы сезiмтал аудандар, сондай-ақ бақылау объектiлерiнiң аумақтарын қоспағанда, Келісімдi қолданудың географиялық шектерiнде талап бойынша инспекциялар жүргiзуге құқылы. 6. Инспекция жүргiзушi Тарап өз инспекторларын белгiленген келу/кету пункттерiне және керi қарай тасымалдау бойынша шығындарды көтередi. Инспекция жүргiзiлетiн Тарап инспекция жүргiзушi Тараптың инспекторларының өз аумағында болуы бойынша шығындарды көтередi. 7. Осы Келісімнiң орындалуына жәрдемдесу үшiн Тараптар Бiрлескен бақылау тобын құрады. Бiрлескен бақылау тобының құрамы, мiндеттерi мен тәртібі Бақылау және тексерулер туралы хаттамада айқындалады. 11-бап Осы Келісім Тараптардың басқа мемлекеттерге қатысты бұрынғы қабылдаған мiндеттерiн қозғамайды және үшiншi елдер мен олардың мүдделерiне қарсы бағытталмаған. 12-бап Осы Келісімге қоса берiлiп отырған Келісімдi қолданудың географиялық шектерi туралы хаттама, Қысқарту тәртібі туралы хаттама, Ақпарат алмасу туралы хаттама және Бақылау және тексерулер туралы хаттама осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. 13-бап Осы Келісім Тараптардың өзара келісімi бойынша өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн. 14-бап 1. Осы Келісім 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге жасалды. 2. Егер Тараптардың бiреуi осы Келісімнiң қолданыс кезеңiнiң аяқталуына дейiн алты ай бұрын екiншi Тарапқа осы Келісімнiң қолданысын тоқтату туралы ниетiн жазбаша түрде мәлiмдемесе, онда оның қолданысы өздiгiнен бес жылдық кезеңге ұзартылады және осы ережеге сәйкес келесi бес жылдық кезеңдерге ұзартылатын болады. 15-бап 1. Осы Келісім Тараптарының әрқайсысы осы Келісімнiң қолданысын тоқтатуға құқылы. Осы Келісім қолданысын тоқтату ниетi бар Тарап өзiнiң шешiмi туралы екiншi Тарапқа жазбаша мәлiмдейдi. Осы Келісім жоғарыда аталған мәлiмдеме алынғаннан алты айдан кейiн күшiн жояды. 2. Бiрлескен Тараптың әрбiр мемлекетi осы Келісімнен шығуға құқылы. Осы Келісімнен шығу ниетi бар Бiрлескен Тараптың мемлекетi өзiнiң шешiмi туралы жазбаша нысанда екiншi Тарапқа және Бiрлескен Тараптың басқа мемлекеттерiне мәлiмдейдi. Осындай мәлiмдемеден кейiн Тараптар шекара аудандағы қарулы күштер мен шекара әскерiнiң (шекара бөлiмдерi) шектi деңгейлерi туралы келiссөздер жүргiзедi. 16-бап Тараптар Бірлескен Тараптардың барлық мемлекеттерін қоса алғанда, Тараптардың осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекеттік ішкі процедуралардың орындалғаны туралы бір-біріне өзара мәлімдейді. Осы Келісім жазбаша мәлімдемелердің соңғысының күнінен бастап күшіне енеді. Мәскеуде 1997 жылғы 24-сәуірде бес данада, әрқайсысы орыс және қытай тілдерінде жасалды, сондай-ақ орыс және қытай тілдеріндегі барлық мәтіндердің бірдей күші бар. Қазақстан Республикасы Қытай Халық үшін Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін Тәжікстан Республикасы үшін Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштердi өзара қысқарту туралы келісімге Қосымша Келісімдi қолданудың географиялық шектерi туралы Хаттама Тараптар бұдан әрi Келісім деп аталатын, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы 1997 жылғы 24 сәуірдегі Келісімнiң 4-бабына сәйкес Келісімдi қолданудың географиялық шектерiне қатысты ережелер туралы келесi уағдаластықтарға қол жеткiздi. 1-бап 1. Бiрлескен Тарап мемлекеттерiнiң әрқайсысы мен Қытайдың шекара сызығының өтуiне қатысты пiкiрi бiрдей учаскелерде Келісімдi қолданудың географиялық шектерiн белгiлеу мақсатында Тараптар бiрдей қашықтық пен бiрдей тереңдiк принципiне сәйкес осы сызықтан әрқайсысы өз жағына перпендикуляр бойынша 100 км қашықтықты санап алады; басқа учаскелерде әрбiр Тараптың шекара сызығының өтуi туралы пiкiрiне сәйкес және бiрдей қашықтық пен бiрдей тереңдiк принципi бойынша әрбiр Тарап перпендикуляр бойынша өз жағына 100 км қашықтықты санап алады. Уз-Бель асуынан оңтүстiкке қараған ауданда Келісімдi қолданудың географиялық шектерiн бiлдiретiн сызық жүргiзiлмейдi; Тараптар тек қазiр осы ауданда орналасқан шекара әскерлерi туралы (шекаралық бөлiмдер) ғана мәлiметтермен алмасады. Осындай түрде Келісімдi қолданудың географиялық шектерiн белгiлей отырып, Тараптар Кеңес Социалистiк Республикалар Одағының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы қарулы күштердi өзара қысқартудың және кеңес-қытай шекарасы ауданында әскери саладағы сенiмдi нығайтудың басшылыққа алынатын принциптерi туралы 1990 жылғы 24-сәуірдегі Келісімнiң 7-бабы ережелерiн шекарада статус-кво шекара мәселелерiн жан-жақты шешкенге дейiн сақталуы туралы ережелерiн қуаттайды. 2. Тараптар шекара сызықтарын түпкiлiктi белгiлеген соң Келісімдi қолданудың географиялық шектерiнiң нақты кескiнiне тиiстi түзетулер енгiзiлетiн болады. 2-бап 1. Ресей тарапынан екi сезiмтал аудан бөлiнедi, дәлiрек айтқанда: Хабаровск сезiмтал ауданы мен Владивосток сезiмтал ауданы. Жоғарыда аталған сезiмтал аудандардың шектерiн белгiлейтiн сызық бұрынғы КСРО-да 1985, 1986 және 1991 жылдарда басып шығарылған карталарда көрсетiлген.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |