| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн шығару "Тұранбанк" қазақ акционерлік банкi мен Alembank Kazakstan қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 15 қаңтардағы № 73 қаулысын орындау және "ТұранӘлем Банк" акционерлік қоғамының өтiмдiлiгiн жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: 1997 жылға арналып көзделген және "ТұранӘлем Банк" жабық акционерлік қоғамының капиталын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген нормативтердегi деңгейге дейiн жеткiзу үшiн қажеттi қаражат шегiнде кейiн оларды "ТұранӘлем Банк" жабық акционерлік қоғамына беретiн болып мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн шығаруды жүзеге асырсын; мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi уақтылы өтеудi 1997 жылдың бюджетiнде осы мақсаттарға арнап көзделген қаражат шегiнде жүргiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |