|
|
|
Ақтөбе облысының энергетикалық қуатын дамыту жөніндегі шаралар Ақтөбе облысының тұтынушыларын энергиямен тұрақты қамтамасыз ету, Жаңажол мұнай-газ кен орнының жолай өтетiн газын пайдалану есебiнен оның энергия көздерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Ақтөбе облысы әкімінiң және "EREM Systems, Ltd (АҚШ)" компаниясының Ақтөбе облысында Жаңажол мұнай-газ кен орнының жолай өтетiн газын пайдалана отырып қуаттылығы 150 МВт болатын энергетикалық қуаттылықтар құрылысын салу ұсынысы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі, Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі Жаңажол мұнай-газ кен орнының жолай өтетiн газын қуаттылығы 150 МВт iске қосылатын газ құбырлы электр станциясына пайдалану үшiн оны өндiру жөніндегі шығынның көлемiнен аспайтын баға бойынша сатуды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Ақтөбе облысының әкіміне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |