| ||||||||||||||||||||
|
|
|
"ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық Активтердi пайдалануға дайындауға, КҚЖК-нiң жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын орындауға байланысты шығындарды бақылауды тиiмдi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Каспий Құбыр желiсi консорциумындағы үлесiн иелiк ету және пайдалану құқығында "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамына берудi қамтамасыз етсiн. 2. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң Каспий Құбыр желiсi консорциумы - КҚЖК-Р және КҚЖК-К-дағы уәкiлеттi өкiлi болып белгiленсiн. 3. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлік қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 24 наурыздағы № 410 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: "Каспий Құбыр желiсi консорциумы" АҚ Қазақстан Республикасы Yкіметінiң үлесi КҚЖК акциясының 19 жалпы санынан 19" деген жол алынып тасталсын. 4. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3378 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 514 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |