|
|
|
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінің қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінiң шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлгі бiр айлық мерзiмде заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесiп Кәсiпорынның құрылтайшы құжаттарында оның қызмет аясын айқындасын; 2) Кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын; 3) Кәсiпорынның жарғысын әзiрлесiн және бекiтсiн; 4) Кәсiпорынды тiркеудi қамтамасыз етсiн. 4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |